Мемлекет басшысы мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша ҚР Заңына қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық белгіленген жекелеген өкілеттіктерін мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлуге бағытталған. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу