Қазақстан және Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары Астанада екі ел ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Джоомарт Оторбаевтың төрағалығымен Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 5-ші отырысы өтті.
Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылап, сондай-ақ екі жақты өзара іс-әрекет жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасты.
Атап айтқанда, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, өнеркәсіп және ғарыштық қызмет салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.
Кездесу қортындысы бойынша екі елдің Үкіметтері басшылары Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесі 5-ші отырысының Хаттамасына қол қойды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз