Қазақстан мен Түркияның Үкімет басшылары Астанада кездесті
Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанаға жұмыс сапарымен келген Түрік Республикасының Премьер-Министрі Ахмет Давутоғлумен кездесті.
Екеуара және кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында тараптар түрлі салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жайын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Атап айтқанда, үкіметтер басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестиция салаларында өзара ықпалдастықты кеңейтудің болашағын қарастырды.
К.Мәсімов пен А.Давутоғлу біздің елдеріміздің арасындағы әріптестік деңгейін жоғары бағалай отырып, мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды әрі қарай жалғастыруға әзір екенін атап көрсетті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз