Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шараларды кеңейтеді — ҚР Премьер-Министрі А. Мамин

Бейсенбі, 12 Наурыз 2020, 14:12:08

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Импортты алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) екінші отырысы өтті. 

Импортты алмастыру және «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бойынша жобаларды іске асыру жұмыстарының барысы туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, кәсіпкерлік әлеуетті дамыту және тұрғындардың табысын көтеру мақсатында өңірлерге скрининг жүргізу қорытындысы туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Э. Жұмағазиев баяндады. Сонымен қатар ҚР бизнес қауымдастығының өкілдері түсінік берді. 

Өткен айда «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық офисіне 130-дан аса жаңа жоба келіп түсті, 1 трлн теңгеге жуық сомаға 227 жоба пысықталып жатыр. Ұсынылған бастамалар бойынша көш басында Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары. Артта қалғандар – Атырау, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Салалар бөлінісінде жобалар саны бойынша машина жасау (55 жоба), азық-түлік өнеркәсібі (37) және АӨК (35) көш басында. Бұл ретте сомасы жоғары жобалар химия өнеркәсібінде (324 млрд теңгеге) және құрылыс материалдары өндірісінде (116 млрд теңгеге) байқалып отыр. 

«Атамекен» ҰКП өткізген өңірлер скринингі 2,2 млн үй шаруашылығын (10 млн тұрғын) және 788 мың кәсіпкерлік субъектісін қамтыды. Скрининг нәтижелері кәсіпорындардың кадрлық қажеттілігін (105 мыңнан аса адам), кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуға дайын белсенді тұрғындар санын (153 мыңнан аса адам) және басқа да параметрлерді анықтауға мүмкіндік берді. 

Ведомствоаралық комиссия жергілікті өндіріс көлемін арттыру, қосымша жұмыс орындарын ашу және тұрғындардың табысын арттыру үшін өңірлер скринингі қорытындысын іс жүзіне асыру мақсатында әкімдіктердің «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп өңір әкімінің орынбасарынан төмен емес деңгейде жобалық офис құру туралы шешім қабылдады. 

ВАК импортты алмастыру бойынша жобаларды іріктеу регламентін бекітті. Атап айтқанда, АӨК және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа өндіріс құру немесе қолданыстағы өндірісті кеңейту бойынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 100 млн теңгеден кем емес, іске асыру мерзімі 5 жылдан аспайтын және басқа да өлшемдері бар инвестициялық жобалар қаралатын болады. Бұл ретте ағымдағы қарыздарды қайта қаржыландыру жобалары қарауға жатпайды.

Отырысқа қатысушылар ауыл шаруашылығы, химия, тоқыма, машина жасау және басқа да салаларда импортты алмастыру бойынша бірқатар нақты жобаларды қарады, олар барлығы 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға және 350 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы импортты алмастыру және экспортты ілгерілету бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Мемлекет бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті дамыту шараларын кеңейтеді», — деді А. Мамин. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.