«Зерде» холдингі «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ акцияларының 33,3%-ын саудаға шығармақ

«Зерде» холдингі» АҚ жекешелендірудің екінші толқыны аясында халықаралық IT университетінің өз иелігіндегі 33,35 пайыз акцияларын саудаға шығарып жатыр, деп хабарлайды ұлттық холдингте. 

Электронды бәссауда мемлекеттік меншік реестрінің www.gosreest.kz порталында жасалады.

Холдингтің баспасөз хабарламасында айтылғандай, тәуелсіз бағалаудың аясында университетінің құны 822,7 млн. тенгеге бағаланып отыр. Сауда 2015 жылдың қыркүйегінде жасалады. Оған кез келген тұлғаның қатысуына жол ашық.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу