Иманғали Тасмағамбетов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалсын», – деп жазылған  Жарлықта.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу