Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

4 700-ге жуық кәсіпкерге 1 қазанға дейін қарызды өтеу мерзімін ұзаруға рұқсат берілді

Дүйсенбі, 17 Тамыз 2020, 12:15:17

Халықты және бизнесті қолдау шараларын орындау туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтып берді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы жылдың наурыз айында енгізілген төтенше жағдайға, сондай-ақ карантин режиміне байланысты кәсіпкерлер мен халықты қолдау аясында несие төлемдерін уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдады. Биылғы 26 наурызда Агенттік тұрғындар мен кәсіпкерлердің несиелері бойынша төлемдерді 90 күнге — 16 наурыздан 15 маусымға дейін кейінге қалдыру тәртібін қабылдады. Осы кезеңде банктік қарыздары бар 1 млн 890 мың азамат (барлық қарыз алушылардың 33%-ы) жалпы сомасы 268 млрд теңгеге төлемдерді кейінге қалдырды. Сондай-ақ 12 мың кәсіпкерлік субъектісі жалпы сомасы 164,8 млрд теңгеге несие төлемдерін кейінге қалдырды (барлық қарыз алушылардың 42%-ы).

Бұдан әрі биылғы 15 маусымда кейінге қалдырудан басқа, банктердің қайта қаржыландыру жөніндегі ішкі бағдарламалары шеңберінде немесе қазіргі уақытта әрекет етіп тұрған үш мемлекеттік бағдарлама аясында зардап шеккен кәсіпкерлерді қайта қаржыландыруды қарастыратын жаңа тәртіп қабылданды.

Осы жылғы 3 тамызда Агенттік карантинді ұзартуға байланысты кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шараларын қабылдады. Атап айтқанда, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің биылғы 5 шілдедегі өкімі аясында қызметі уақытша тоқтатылған кәсіпкерлер үшін төлемдерді кейінге қалдыру өтінімін қарау мен мақұлдаудың неғұрлым жеңілдетілген тәртібі енгізілді.

10 тамыздағы жағдай бойынша банктер 6 236 жуық өтінішті мақұлдады, оның ішінде 1 542-сі қайта қаржыландырылды және 4 694-ке жуық кәсіпкердің төлемдері 1 қазанға дейін кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар Нұрлан Әбдірахманов төлемдерді уақытша тоқтата тұру немесе төлемдерді кейінге қалдыру қаржылық жағдайды нашарлатудың немесе кредиттік шарт талаптарының елеулі өзгеруінің көрсеткіштері емес екенін атап өтті. Бұл жағдайда төлемдерді кейінге қалдыру төлемдерді неғұрлым кеш мерзімге ауыстыруды және қарыз алушының банкпен төлемдердің жаңа кестесіне қол қоюын көздейді. Осыған байланысты төлемдерді кейінге қалдыру — төлемдерді тоқтата тұру — қарыз алушының несие тарихын нашарлатпайды.      

Қазіргі уақытта Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, зардап шеккен салалардың кәсіпкерлерін айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын іске асырып жатыр. Аталған бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаның жалпы көлемі шамамен 600 млрд теңгені құрайды. Оның аясында жылдық 8% мөлшерлемесі бойынша 1 жылға айналым капиталына қарыздар беріледі. Қазіргі уақытта жалпы сомасы шамамен 380 млрд теңге болатын 3 мыңға жуық қарыз берілді.

Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл аса инвестициялық бағдарлама. Оның бюджеті 600 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Аталған бағдарлама аясында жылдық 6% мөлшерлеме бойынша несиелер беріледі.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге өте ыңғайлы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл оларға қарыз жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, қарыз алу үшін банктерге кепілдік қамтамасыз етуді ұсынуда қиындықтарға тап болған кәсіпкерлер үшін аса пайдалы. Осы бағдарлама аясында несиелер соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша беріледі. Кепілдіктер қарыздың 85% дейін беріледі.
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.