Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан

Алматыға «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу үшін БҰҰ Балалар қорының  (ЮНИСЕФ) инновациялар жөніндегі аға кеңесшісі Кристофер Фабиан Қазақстанда GIGA бастамаларын іске асыру бойынша ЮНИСЕФ өңірлік хабын ашу жоспарлары туралы хабарлады, ол орта білім беретін мектептерді интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікті және инновациялық стартаптарды дамытуды қамтамасыз етуге бағытталады.  

Әлемдік проблема бар — адамзаттың жартысы үшін интернет қолжетімсіз, оның ішінде 364 млн адам - жастар. Ел кедей болған сайын жағдай да соғұрлым нашар.  Африканың кейбір бөліктерінде 1 ГБ орташа айлық табыстың 110%-ына тең. Демек, қазір интернет қолжетімсіз болып отырған балалар болашақта жұмыссыз болмақ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтері бойынша, қазіргі сәтте Қазақстанда мектептердің 92,88%-ы жылдамдығы 4 Мбит/сек және одан артық болатын интернет желісімен қамтамасыз етілген, 6% — жылдамдығы 4 Мбит/с төмен интернетпен қамтылған, 96 мектеп - қамтылмаған. 

Кристофер Фабианның айтуынша, Қазақстанда бұл тұрғыда жағдай жақсы.

«Қазақстанда жағдай өте жақсы, аймақтағы жақсы жағдайлардың бірі. Мұнда халықтың 80%-дан астамы үшін интернет қолжетімді. Бұл ретте, біз үшін оның 100% болуы маңызды. ЮНИСЕФ үшін әрбір жастың мұндай мүмкіндікке ие болуының маңызы зор», — деді ол. 

Алматыда өтетін «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы қарсаңында Кристофер Фабиан Қазақстан Премьер-Министрі А. Маминмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда GIGA бастамаларын іске асыру бойынша ЮНИСЕФ өңірлік хабын ашу перспективалары талқыланды, бұл хаб орта білім беретін мектептерді интернетке жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге және инновациялық стартаптарды дамытуға бағытталады. 

Анықтама: GIGA — әрбір мектептің интернетке, ал әрбір адамның - ақпаратқа, мүмкіндіктер мен таңдауға  қосылуы бойынша қаржыландырылатын бастама. 

 

К. Фабианның айтуынша, Қазақстанда бастама енгізілген соң оны Орталық Азияның басқа да елдеріне тарату көзделген. 

«Сонымен қатар кездесуде біз Қазақстанның Орталық Азияда осы бастаманың көшбасшысы болу мүмкіндігін талқыладық. Ертең Digital Almaty форумында біз жекеменшік сектордағы әріптестерімізбен, БҰҰ түрлі агенттіктерімен кездесіп, бұл бастаманы қалай енгізіп, бүкіл аймаққа қалай таратуды талқылайтын боламыз», — деді К. Фабиан.

Бүгінде Қазақстанда GIGA бастамасын қаржыландыру моделін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Біз тиісті қаржыландыруды қалай іріктеп, оны қалай жүзеге асыратынымыз бойынша түрлі модельдерге қараймыз. Яғни, бұл қаржыландырудың көпдеңгейлі моделін құру туралы идея, ол мемлекеттік қаржыландыру мен қаржыландырудың басқа да көздерін қамтитын болады, оның ішінде инфрақұрылымға инвестициялар мен бірдей қамтуды қамтамасыз ету үшін жекеменшік сектор мен басқа да серіктестер бар. Өйткені, біз шалғай аймақтардағы кейбір мектептерде интернетке қосылуда жағдай күрделі екенін білеміз. Бірақ біз барлық мектептердің қосылуын қамтамасыз ететін қаржыландыру моделін табуға тырысамыз», — деді ЮНИСЕФ-тің аға кеңесшісі. 

Кристофер Фабиан сонымен қатар интернеттің өскелең ұрпақтың болашағына зор ықпал етіп жатқанын атап өтті. 

«Біз егер жас адамның интернетке қолы жетімді болса, оның даму, еңбекке орналасу үшін көбірек мүмкіндігі барына сенімдіміз. Интернетке қолы жетімсіз адамдардың сапалы білім алу және болашақ дамуы үшін мүмкіндіктері азаяды. Өкінішке орай, мұндай айырмашылық бар. Сондықтан біз түрлі елдерде, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істеуге тырысамыз, солайша, осындай айырмашылықты жойып, барлығы үшін - балалар мен жастар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көздейміз. Сол себепті барлығының интернетке тең қосылуын және олардың еңбекке орналасуы мен жаңа білімдер алуы үшін бірдей мүмкіндіктерінің болуын қамтамасыз ету керек», — деді К. Фабиан.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу