«Жылдың үздік волонтері» сыйлығы мен әлеуметтік студенттік несие: Қазақстанда еріктілерді қалай ынталандырады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында волонтерлік қызметтің рөлін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Ә. Ғалымова атап өткендей, волонтердің еңбегі – ақысыз. Дегенмен, волонтерлікте көлік шығындарына, формаға және т. б. қаражат қажет.

«Егер біз жануарларға арналған панадағы волонтерлік еңбек туралы айтатын болсақ, мұнда жануарлар үшін азық қажет. Іздеушілер үшін коммуникация құралдары – рациялар, көлік құралдары, тану киімдері – кеудешелер қажет», — деді Комитет төрайымы.

Сонымен қатар, биыл Волонтерлер жылы аясында әр өңірде өткізілетін «Жаңа бастама» байқауы ұйымдастырылады. Әр өңірден 10-ға жуық волонтерлік бастамалар іріктеліп алынады, олар моральдық және материалдық жағынан ынталандырылады. Негізінен волонтерге немесе волонтерлік ұйымға қажетті әр түрлі шығыстарға арналған шығындар ынталандырылады. 

«Біз мұндай көтермелеу волонтерлер ұйымы, бастамалар немесе еріктілер үшін шамамен 1 млн теңгені құрайды деп күтеміз. Жұмыс жақын арада ұйымдастырылады», — деді Ә. Ғалымова.

Сонымен қатар, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы «Жылдың үздік волонтері» сыйлығын тағайындау жоспарда бар екенін айтты.

«Волонтерлермен қарым-қатынас орнатқан кезде, біз олардан қандай көтермелеу, ынталандыру түрі олар үшін маңызды екенін сұраймыз. Біз үшін жағымды жаңалық және тосын сый болғаны волонтерлердің оларға моральдық ынталандыру және көтермелеу, оларды байқап, назар аударып, олар туралы адамдарға көбірек жеткізу маңызды екенін айтқаны болды. Сондықтан, осы сыйлықты беруді ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», — деді Ә. Ғалымова.   

Сондай-ақ, Волонтерлер жылы аясында волонтерлік ұйымдар тәжірибемен алмасып, қазақстандық тәжірибе туралы айтуы үшін шетелге ірі сұхбат алаңдарына, волонтерлік конференцияларға шыға алуы үшін мүмкіндік беру көзделген.

«Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында Нью-Йоркте волонтерлік мәселелері бойынша үлкен жаһандық техникалық кеңес өтеді деп жоспарланып отыр. Біз Қазақстан өзінің волонтерлік қызметінің тәжірибесін таныстырады деп болжап отырмыз және бірқатар волонтерлік ұйымдардың да осындай ірі жобаларға қатысқанын қалаймыз. Сонымен қатар, биыл Дубайда Экспо-2020 үлкен көрмесі ұйымдастырылады. Қазір олар әлемнің барлық елдерінен еріктілерді шақырып жатыр. Менің ойымша, Қазақстанда Экспо ұйымдастыру тәжірибесі мол еліміздің еріктілері мұнда елеулі сегмент болады», — деді Комитет төрайымы.

Жастар жылы аясында студенттерді әлеуметтік және қоғамдық-пайдалы қызметке кеңінен тартуға бағытталған «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы бастау алды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында осы жобаны іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық-пайдалы жұмыс нәтижелері үшін академиялық кредиттерді қайта өзгерте алады.

Волонтерлік қызметке тартылған, белсенді араласатын күндізгі оқу формасындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне әлеуметтік студенттік кредиттің мынадай түрлері ұсынылады: 1) 20 сағаттық қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит; 2) 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит. 

Студенттер волонтерлер ретінде балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

Жобаның тақырыптық модулі еріктілердің бірыңғай интернет платформасында «Qazvolunteer.kz»-те орналасқан. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу