Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті деңгейде — ҚР ЭМ

Бейсенбі, 11 Наурыз 2021, 11:26:41

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Энергетика саласындағы ахуал туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

Энергетика министрі 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша отын-энергетика кешенінде мұнай және конденсат өндіру көлемі 13,8 млн тоннаға жеткенін, яғни ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларының жоспарына 101,1% құрағанын баяндады. 

Соның ішінде, мұнай-газ саласындағы iрі компаниялар бойынша көрсеткіштер төмендегідей. 

 Теңіз жобасында аталған кезеңде 4,3 млн тонна мұнай өндірілді, бұл есепті айдың жоспарына 104,5% құрайды. 

«Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі 2,4 млн тоннаны құрады, яғни қаңтар-ақпан айларының жоспары 103,4% орындалды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 2,1 млн тоннаны құрап, ағымдағы жылғы екі айдың жоспарымен салыстырғанда 100% көрсетті. Бүгінгі таңда әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың баға белгіленімдерінің бірте-бірте қалпына келу үрдісі байқалуда.  Ағымдағы жылы 86 млн тонна жоспарды орындау күтілуде», — деді Н. Ноғаев.  

Министрлік аталған жоспарды орындау мақсатында бірқатар іс-шаралар атқаруда.

Соңғы келіссөздерге сәйкес ОПЕК+ аясында Қазақстан Республикасының міндеттемесі мұнай өндіру көлемін шектеуі -17%-дан -15%-ға дейін түзетілген болатын.

Есепті кезең ішінде 10,75 млн тонна мұнай экспортталды, яғни ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларының жоспары 100% орындалған. 

2021 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша 9,14 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100,8% құрайды.

Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 4,55 млрд текше метрге жетті, осы көрсеткіш биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларының жоспарына 107,3% орындалды.

«Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 520 мың тонна болды, бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100% құрайды. Экспортқа шығарылған газ көлемі 1,39 млрд текше метрді құрады, яғни есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 122% жетті. Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша 2 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді, бұл көрсеткіш есепті жылдың қаңтар-ақпан айларының жоспарына 94,4% құрайды. Соның ішінде автобензин бойынша көрсеткіш 790 мың тоннаға жетті, яғни ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларының жоспарына 93,5% құрады. Өндірілген дизель отынының көлемі — 680 мың тонна, бұл есепті айлардың жоспарына 85,2% құрады. Авиа отын бойынша көрсеткіш 70 мың тоннаға тең, яғни ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларының жоспарына 91% құрады», — деді Н. Ноғаев.  

Энергетика министрі атап өткендей, есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемінің жоспардан төмен болуы Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізуде іркіліс (ақау) пайда болғаннан орын алған. Бұл жағдай, өз кезегінде, каталикалық крекинг және реформинг қондырғыларының істен шығуына алып келді. Қазіргі таңда аталған зауытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Бұл ретте, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру көлемінің төмендегеніне қарамастан, ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қоры тұрақты деңгейде.

2021 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті деңгейде, бензин бойынша 218,7 мың тонна ішкі нарықты 20 тәулікке қамтамасыз етуге және 306,2 мың тонна дизель отыны ішкі нарықты 28 тәулікке қамтамасыз етуге жеткілікті.

А.ж 27 наурызда  каталикалық крекинг және реформинг қондырғыларының іске қосылады және 15 сәуірде Атырау мұнай өңдеу зауыты технологиялық режимге шығарылады деп күтілуде.

Мазут өндірісі бойынша, оның көрсеткіші 472 мың тоннаны құрап, қаңтар-ақпан айларының жоспарына 114,7% болды. Жалпы мұнайгаз-химия өнімдерінің көлемі 27 мың тоннаға жетті, бұл ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларының жоспарына 61,8% құрайды.  

«Мұнайгаз-химия өндірісі көрсеткішінің төмен болу себебі каталитикалық крекинг қондырғысының істен шығуы болды. Бұл жағдайда бензол мен параксилол өнімдері өндіріле алмайды. Есепті кезеңде 20,4 млрд кВт сағат электр энергиясы өндірілді, бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларының жоспарына тең, яғни 100% орындалды», — деді Н. Ноғаев.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл қаңтар-ақпан айларында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3,1%-ға ұлғайып, 345,5 млрд теңгені құрағанын жеткізді.

Бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,3%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 5,9%-ға, сүт 3,4%-ға өсті.

Бұл ретте, 20,6 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 100% құрады. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен қамтамасыз етілді.

Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын 2 облыста: Ақмола (118,3%) және Қарағанды облыстарында (104,1%) байқалды.

Көрсетілген кезеңде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,1%-ға өсіп, 309,7 млрд теңгені құрады.

«Бұл ретте, сары май өндіру көлемінің 34,6%-ға, қызылша қантының 26,8%-ға, өсімдік майының 24,5%-ға, жарманың 21,5%-ға, өңделген күріштің 15,7%-ға, ірімшік пен сүзбенің 7,3%-ға, өңделген сүттің 5,9%-ға, ұнның 5,4%-ға, шұжық өнімдерінің 2,6%-ға артқаны байқалды», — деді С. Омаров.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 39,6%-ға ұлғайып, 41,5 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 3 есе артып, 18,3 млрд теңгені құрады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.