2020 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалдарының көлемі 30 млн тоннаға жетеді - ККМ
Көліктердің барлық түрлерімен жүргізілетін транзиттің жалпы көлемі 2 есе өсіп, 2020 жылға қарай 30 млн тонна
көлемін құрайтын болады, деп хабарлады
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдерінің көшпелі кеңесінде.
«Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалын тарту мақсатында Қытай-ЕО бағытындағы жүк ағымының бөлігін қайта бейімдеп, осындай тасымалдың үлесін 2020 жылға қарай 8% дейін өсіруге талап қоямыз. Көліктердің барлық түрлерімен жүргізілетін транзиттің жалпы көлемі 2 есе өсіп, 2009 жылғы 15,4 млн тонна көрсеткішімен салыстырғанда 30 млн тонна көлемін құрайтын болады»,- деді З.Сағынов.
Бұдан өзге, ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль дәлізін, Шығыс-Батыс және солтүстік жаққа теміржол бағыттарын жүргізу бойынша жобалар жүзеге асып жатқанын айтты.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі уақытта Азия мен Еуропа арасындағы негізгі жүк тасымалы теңіз көлігі арқылы жүзеге асады. Құрлық тасымалының үлесі 0,2-0,5% ғана құрайды
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз