2025 жылға қарай ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн адамға дейін ұлғаяды — Р. Дәленов

Сейсенбі, 25 Ақпан 2020, 11:58:11

Кезекті Үкімет отырысы кезінде Қазақстанда бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов айтқандай, бизнес ахуалды жақсарту бойынша басты бағыттар мемлекеттік қолдау шаралары, заңнаманы жақсарту және реттеу ортасын жеңілдету болып отыр. 

2050 жылға қарай экономикада шағын және орта бизнестің үлесін 50%-ға дейін арттыру — стратегиялық міндет.

«Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі өсуде. Жедел деректер бойынша 2019 жылы ол 29,5%-ды құрады. 2020 жылға қойған міндетіміз – жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің үлесін 30%-ға дейін, 2025 жылға қарай 35%-ға дейін, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу. Бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді», — деді Р. Дәленов.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, шағын және орта бизнес — экономика және жұмыспен қамтудың негізгі элементі. Дамыған елдер шағын және орта бизнес кәсіпорындарының көптігімен ерекшеленеді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны көп болса, экономиканың көлемі арта береді. Сондай-ақ шет елдердің көрсеткіштері бойынша экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі жоғарыласа, халықтың жұмыспен қамтылуы да жоғары болады. Шағын және орта кәсіпкерлік негізгі жұмыс орындарын құрайды.

Осылайша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес болу мақсатында, заңнама мен реттеушілік ортаны жақсарту маңызды.

Кәсіпкерлікті қолдау «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.

«2019 жылы аталған бағдарламалар аясында 22 мың жобаға қаржылық қолдау көрсетілді. Бизнеске жеңілдетілген қаржыландыру көрсетілді және инфрақұрылым өткізілді. Қаржылық қолдаумен бірге 106 мың кәсіпкер бизнестің негіздері мен функционалдық бағыттары бойынша оқытылды. 41 мың кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді. Бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізумен байланысты қызметтер, заң қызметтері, маркетинг мәселелері және т. б.», — деді Р. Дәленов.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту үшін мынадай шаралар жүзеге асырылды.

Біріншіден. Өткен жылы бизнес-ортаны дамыту мәселелері бойынша 100-ге жуық түзетуді көздейтін заңнамалық бастамалардың 7 топтамасы қабылданды.

Биыл Қазақстан әлемнің 190 елінің ішінде бизнес ахуалы жағынан аса қолайлы ТОП-25 елдің қатарына кірді. 

Екіншіден. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша микро және шағын бизнес үшін салық төлеуге және оларға тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Бағалаулар бойынша салық төлеуге мораторий 1,2 млн микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үш жылда салық бойынша 382 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мораторий нәтижесінде 3 жылдың ішінде 100 мыңға жуық тексеріс өткізілмейді. Бұл әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және бизнесті жүргізу тұрақтылығына жәрдемдеседі. 

Үшіншіден. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әділдік презумпциясы қағидатын енгізу бойынша нормалар ұсынылады. Барлық реттелмеген даулы мәселелер бизнестің пайдасына қарай шешіледі.

Сондай-ақ ауыспалы кезең практикасын енгізу ұсынылады. Бизнеске қойылатын талаптар өзгертілетін болса, олар бірден емес, бизнеске дайындалуға уақыт беру үшін, белгілі бір кезеңнен кейін күшіне енуі тиіс.

Бизнес-қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні енгізіледі. Мұндай есеп жыл сайын жүргізіледі.

«Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында бизнес ахуалды жақсарту бойынша реформалардың сегізінші топтамасын қабылдау, “Бизнеске арналған үкімет” сервисін іске қосу, сондай-ақ ақылды реттеу құралын іске асыру қажет. Бұл Қазақстанда бизнесті жүргізуді айтарлықтай жеңілдетеді», — деді Р. Дәленов.

Бизнес ахуалды жақсарту бойынша реформалардың 8 топтамасы

Заңнамалық шаралардың 8 топтамасы шеңберінде бизнесті дамыту үшін қалыпты жағдай жасау бойынша заңнамалық түзетулердің іске асырылуы көзделген. Бұл шарттарды тіркеу рәсімін оңайлату.

Сондай-ақ қосымша құн салығын төлеушіні тіркеу рәсімі жылдамдатылады.

Бизнесті тіркеу кезінде онлайн режимде банк шотын автоматты түрде ашу көзделетін болады. Сондай-ақ жекелеген рәсімдер бойынша қайталанатын артық хабарламалар алып тасталады.

Заңды тұлғалар бойынша жылжымайтын мүлік туралы ақпарат ашылады. Бұл бизнес операцияларды қауіпсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Бизнеске арналған үкімет» сервисі

Қызметтерді көрсетудің бірыңғай кеңсесі қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматы енгізіледі. «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай кеңсесінде кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту, құзыреттерді арттыру мен қаржыландыру мәселелері бойынша қызметтер мен консультациялардың ауқымды жиынтығына ие болады.

Ұлттық экономика министрі атап айтқандай, бірыңғай кеңседе кәсіпорын ашу, салық декларациясын беру, банктердің шарттарын салыстыруға және басқа да әрекеттерді жасауға болады. Енді кәсіпкерлер туындаған барлық сұрақтардың жауаптарын бірыңғай кеңседен алатын болады. «Бизнеске арналған үкімет» жобасын пилоттық іске қосу осы жылдың маусым айына жоспарланған.

«Ақылды реттеу» құралы

Ақылды реттеу құралын жетілдіру дамыған елдердің үздік практикасына сәйкес келеді.

«Ақылды реттеу» — кәсіпкерлер үшін артық міндеттерді, тыйымдарды, шектеулерді қысқарту және бизнес үшін негізсіз шығындарды айқындау. «Ақылды реттеу» құралы бизнеспен өзара іс-қимыл жасаудың сервистік моделін, тәуекелдерді басқару жүйесінің автоматтандырылуын және ақылды қайта реттеуді қамтиды.

Қайта реттеу

Р. Дәленовтің айтуынша, жаңа талапты енгізбестен бұрын оның бизнеске тиетін ықпалын талдау қажет. Мұндай талдауды жаңа форматта жасау керек. Бұл реттеудің барынша қысқаруы, екі ескі функцияның орнына бір жаңа функция қағидатын енгізуі және т. б.

Осылайша, бұл кәсіпкерлер үшін реттеушілік ортаның сапасын арттыруға және бизнес ахуалды жақсартуға әкеледі.

«Көзделген мемлекеттік қолдау шаралары, заңнаманы және реттеушілік ортаны жақсарту алдағы 5 жылда шағын және орта бизнестің өсуін ықпал етеді. 2025 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 4 млн адамға дейін жетеді. ШОБ-тың өнім шығару көлемі 35 трлн теңгені құрайды, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 2025 жылға қарай 35%-ға дейін артады. Бизнес жүргізу шарттарын жақсарту Қазақстанның “Doing Business” рейтингінде 20-орынға ие болуын қамтамасыз етеді», — деп түйіндеді Р. Дәленов.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев өз кезегінде палата құрылған сәттен бері кәсіпкерлердің 624 жүйелі проблемасын анықтағанын жеткізді. Оның 501-і шешілді. Бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші реформалар пакеті бизнестің жүйелі мәселелерін зерттеу негізінде жасалды. «Атамекен» ҰКП елдегі іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған 50-ден астам түзету әзірледі. Олар жер қатынастарымен, бәсекелестікпен, экономикамен, банк қызметтерімен байланысты. 

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов бизнес ахуалды жақсарту Үкімет жұмысының маңызды мақсаттарының бірі екенін атап айтты. Бес жыл ішінде еліміздің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі 29,5%-дан 35%-ға дейін артуы тиіс. 

«Биыл маусым айына дейін пилоттық режимде “Бизнеске арналған үкімет” сервисін іске қосу керек. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан барлық көмекті және Үкімет тарапынан көрсетілетін барлық қызметтерді бір кеңседен алуға мүмкіндік беру қажет. Биыл мамыр айының соңына дейін бизнес ахуалды жақсарту бойынша 9-шы реформалар пакеті әзірленетін болады», — деді Ә. Смайылов. 


Жаңалықтар тізбегі
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
19 Наурыз 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
19 Наурыз 2020, 12:48
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
18 Наурыз 2020, 21:17
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
18 Наурыз 2020, 18:59
Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
18 Наурыз 2020, 13:17
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
18 Наурыз 2020, 13:15
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді
18 Наурыз 2020, 11:22
Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
17 Наурыз 2020, 20:36
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіруді және шығуды шектеу туралы
17 Наурыз 2020, 18:50
2020 жылы «Бәйтерек» холдингі 19 мыңнан аса ШОБ жобасына қолдау көрсетеді
17 Наурыз 2020, 16:10
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді
17 Наурыз 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады
17 Наурыз 2020, 14:13
Р. Дәленов уақытша жабылған нысандарды қолдау шаралары туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 13:50
Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады
17 Наурыз 2020, 13:41
ҚР-да жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі — М. Әбілқасымова 
17 Наурыз 2020, 13:13
Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 12:52
Қазақстанда 200 мың жұмыс орны ашылады — Б. Нұрымбетов азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
17 Наурыз 2020, 11:36
Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 
17 Наурыз 2020, 11:22
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін техникалардың дайындығы 100%-ды құрайды — ҚР АШМ
17 Наурыз 2020, 11:07
Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады — ҚР ҰЭМ 
17 Наурыз 2020, 10:07
Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын қарады
17 Наурыз 2020, 09:52
Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар топтамасын бекітті
16 Наурыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин сауда желілерінің басшыларымен кеңес өткізді
16 Наурыз 2020, 19:24
Қ. Тоқаев Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы Жарлыққа қол қойды
16 Наурыз 2020, 18:27
Н. Орманбетов  Н. Карбеновтың орнына ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі