Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады

Сейсенбі, 06 Сәуір 2021, 19:45:10


 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сенімді саяси диалогқа, дәйекті экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, COVID-19 пандемиясының сын-қатерлері кезінде өзара қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестіктің  жоғары қарқынын атап өтті.

Қазақстан Президенті биылғы 31 наурызда «Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында онлайн режимде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысқаны үшін Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбанға ризашылығын жеткізуді тапсырды.

«Жүргізілген келіссөздер Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қатынастардың одан әрі дамуына тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып  Мажарстанда өз елшілігін ашты. Біздің қарым-қатынастарымыз ерекше.  Қазақстандықтар Мажарстанды өте жақсы біледі. Сіздің еліңізді жақын тартады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін Премьер-Министр Виктор Орбанға ризашылығымды білдіремін», — деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Петер Сийарто кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, өз елінің басшылығының сәлемін жеткізді. Осы ретте Будапешттің Қазақстанмен кешенді ықпалдастығын одан әрі нығайтуға, соның ішінде, Түркі кеңесінің әлеуетін пайдалана отырып тереңдетуге дайын екенін айтты. Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Түркістанның рухани астана ретіндегі маңызды рөліне тоқталды.

«Сіздің, Президент мырза және Елбасының Мажарстанда беделдеріңіз зор. Біз Қазақстан мен оның халқының достық, бауырластық қатынасын сезінеміз. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне бақылаушы ретінде қатысуымыз елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестіктің нәтижесі. Қазақстан біз үшін – маңызды стратегиялық серіктес», — деді Петер Сийарто.

Тараптар Виктор Орбанның 2019 жылы сәуірде Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі екіжақты қатынастарға қатысты бірқатар мәселені талқылады. 


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.