Қ. Тоқаев Президентке бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері туралы Жарлықтарға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы Жарлықтарға қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар  тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын», — делінген Жарлықтың мәтінінде.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаруын қаулы етті.  

Осы Жарлықтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу