Қ. Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметіне тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қ. П. Қожамжаровты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын», – делінген Жарлықта.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу