Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев

Сейсенбі, 19 Қаңтар 2021, 10:58:51

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрліктің карантиндік және шектеу шараларын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастырып жатқаны туралы баяндады.

Бас санитарлық дәрігерлердің қаулысына сәйкес еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы – 9, Қостанай облысы – 4 және Ақтөбе облысы – 2) және 4 блок-бекет (Атырау облысы – 4) қойылған. Карантиндік іс-шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған. 290 карантиндік объекті бақылауға алынған.

Сондай-ақ көлік объектілерінде санитарлық дәрігерлерге жолаушыларды фильтрациядан өткізуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта еліміздің халықаралық әуежайларында 18 бақылау-қадағалау пункті, теміржол вокзалдарында 16 бақылау-қадағалау пункті орнатылды.

Бұл объектілердегі күн сайынғы жолаушылар ағыны тиісінше 31 мың және 17 мың адамды құрайды: Нұр-Сұлтан қаласында тәулік сайын 10 мыңға дейін жолаушы, Алматыда тәулік сайын 20,5 мыңға дейін адам тіркеледі.

«Көлік объектілерінен 1 қаңтардан бері ПТР-анықтамасы жоқ 3200 азамат карантинге орналастырылды. Соңғы күндері тәулік сайын 150 адамға дейін карантинге орналастырылуда», – деді ІІМ басшысы.

Карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау бойынша 1 мыңнан астам мобильді топтың қатысу жұмысы жалғасуда. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді.Карантинді бұзудың 773 фактісі анықталды, оның 77%-ы елеусіз, яғни маска, санитайзерлердің болмауы, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды бұзу. 175 өрескел бұзушылық анықталды, оның 152-сі түнгі клубтарда, сауда орталықтары мен мейрамханаларда, 23-і мерекелік іс-шаралара анықталды.

Жыл басынан бері Түркістан облысында мобильді топтар бұзушылықтарды белсенді түрде анықтады, бұл ел бойынша анықталған бұзушылықтардың 458-ін  немесе  60%-ға жуығын құрайды.

Сонымен қатар, министр Е. Тұрғымбаев қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа кірген облыстардағы топтардың жұмысының нашарлығын айтты.

«Аталған топтардың жұмыс белсенділігінің төмендеуіне байланысты, азаматтар адамдар көп жиналатын жерлерде маска режимін жиі бұза бастады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында вирустың қауіпсіздігі және вакциналардың тиімсіздігі туралы жалған ақпараттың таралу фактілері бар», – деді ішкі істер министрі.

Осыған байланысты Ерлан Тұрғымбаев өңірлердің әкімдіктерімен және  бас санитарлық дәрігерлерімен бірлескен жұмыс аясында мобильді топтардың сауда орталықтарында, мәдени мекемелерде алдын алу жұмыстарына баса назар аударуын, сондай-ақ осы мекемелердің иелерімен шектеу шараларын бұзуға жол бермеу туралы қатаң түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды ұсынды.

Жалпы, құқық қорғау ведомствосының басшысының айтуынша, ішкі істер органдары елімізде шектеу шараларын қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Наурыз 2021, 22:00
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестициялар тарту — пандемия кезінде Қазақстанның энергетикалық саласы қалай дамыды
05 Наурыз 2021, 19:42
Е. Тоғжанов пен А. Арипов денсаулық сақтау және білім беру саласындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады
05 Наурыз 2021, 18:13
Үкіметте «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
05 Наурыз 2021, 15:18
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
05 Наурыз 2021, 09:39
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
04 Наурыз 2021, 20:54
Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
04 Наурыз 2021, 19:56
Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды талқылады
04 Наурыз 2021, 18:27
ҚР-да 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін жергіліктендіреді — А. Мамин
04 Наурыз 2021, 14:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
04 Наурыз 2021, 11:19
Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
04 Наурыз 2021, 10:45
Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
04 Наурыз 2021, 10:21
Қазақстан The Economist Intelligence Unit азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
03 Наурыз 2021, 20:38
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
03 Наурыз 2021, 19:12
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізді
03 Наурыз 2021, 19:05
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті
03 Наурыз 2021, 19:04
Мемлекет басшысы ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындады
03 Наурыз 2021, 15:12
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
03 Наурыз 2021, 13:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Наурыз 2021, 20:27
А. Мамин Қырғызстан Президенті С. Жапаровпен келіссөз жүргізді
02 Наурыз 2021, 19:17
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін бақылау, су тасқыны кезеңіне дайындық, төтенше жағдайларға ден қою — ҚР ТЖМ
02 Наурыз 2021, 18:15
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті
02 Наурыз 2021, 17:33
Дәурен Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:10
Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:04
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
02 Наурыз 2021, 14:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2021
02 Наурыз 2021, 13:25
Инвестициялардың өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Ақмола облысының 2020 жылы дамуы
02 Наурыз 2021, 13:12
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
02 Наурыз 2021, 12:48
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде — А. Цой
02 Наурыз 2021, 11:00
Қазақстанда бес жылда ауыл шаруашылығында өнім экспортын және ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есе ұлғайту жоспарланған  
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.