Кәрім Мәсімов елорданы дамыту мәселелерімен танысты 

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астананы аралау барысында елорданы дамытудың өзекті мәселелерімен танысты. Бұл туралы ол Instagram қосымшасы арқылы хабарлады.

"Астананы дамытудың өзекті мәселелері: жол-көлік инфрақұрылымы, Есіл өзені жағалауын қайта жаңарту, тазарту құрылыстарының жұмысы, су кәріздері, жылу магистралі. Қаланы аралау, 2 тамыз 2016 ж.", – деп жазды өзінің Instagram-ында Премьер-Министр.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі елордадағы өзекті мәселелердің бірі. Автокөлік санының артуына байланысты ЖЖМ шығынының 1,3-1,5 есеге өсуі, сонымен бірге пайдаланылған газдың шығарылуының артуы сияқты мәселелер өткір болып отыр, бұдан өзге Астана тұрғындарына әсіресе қарбалас сәтте көлік кептелістерінің пайда болу мәселесі мәлім.   

Елорданы аралауды Кәрім Мәсімов Кенесары көшесін қайта жөндеу учаскесін қараудан бастады. Белгіленген проблемаларды шешу үшін 15 көше мен даңғылдардың, 6 көпірдің, 19 көлік жол айырықтары мен өтпежолдардың, 12 жолдағы көлік қоятын орындардың жол-көлік инфрақұрылымын реттеу қажет.

Премьер-Министрге сондай-ақ Есіл өзенінің арнасын қайта жөндеу бойынша жұмыс барысы таныстырылды. Жобалық және құрылыс жұмыстарын қала аумағын су басудың тұрақты қауіп-қатерінің алдын алу үшін аяқтау керек. Қазіргі уақытта қаланың шекараларында 23,4 км қайта жөнделген арна пайдалануға берілген.

Елордадағы күрделі проблема шілде айындағы нөсер жауыннан кейін шиеленісе түскен тазарту құрылыстары мәселесі болып табылады. Тазарту құрылыстарының өткізу қабілеті су жинағыш алаң аумағынан су бұруды уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. Соның салдарынан елорданың бірқатар көшелерін су басты. Тазарту құрылыстарын салу осы проблеманы шешуге мүмкіндік береді, жұмысты 2018 жылы аяқтау жоспарланған.

Нөсерлі кәріз жүйесін дамыту елорда көшелерін су басудың алдын алуға мүмкіндік береді. Астана аумағында қазіргі таңда нөсерлі кәріз жүйесінің 10 құрылысы, оның ішінде жалпы су жинау ауданы 8,5 мың га болатын 8 тазарту құрылысы кешені және 2 су жинауыш тоған бар.

Астана әкімдігі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу аумағын және қаланың оң жақ жағалауындағы орталық көшелерді су басумен байланысты жобаларды кезең-кезеңмен жүзеге асырумен нөсерлі кәріз жүйесін дамыту бойынша 2019 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын әзірледі. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу