Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды

Бейсенбі, 23 Сәуір 2020, 17:04:34

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде екі аптаның ішінде салынған елордадағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Медициналық мекеменің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрді құрайды. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5,5 миллиард теңге бөлінді. Медициналық нысанды «BI Group» компаниялар тобы салды.

Аурухана ғимараты тез құрастырылатын құрылыс технологиясын пайдалана отырып, модульдік блоктардан тұрғызылды. 200 орынға есептелген аурухана медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Президентке індетке қарсы күрестегі медициналық көмектің проблемалары мен оны жетілдіру жолдары туралы баяндады. Мемлекет басшысы науқастарды емдеуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған емдеу бөлімшелері мен палаталарды аралап көрді.

«BI Group» құрылыс холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрылыс жұмыстарының барысы мен аурухананың ерекшеліктері туралы айтты.

Мемлекет басшысы аталған аурухананың мұндай типтегі еліміздегі алғашқы медициналық мекеме екенін атап өтіп, ғимаратты салған құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

Қазақстан Президенті дәрігерлермен әңгімелесу барысында отандастарымыздың денсаулығын сақтау үшін қажырлы еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Сіздер пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрсіздер. Сіздерге ризашылығымыз шексіз. Күндіз-түні тынбай еңбек етіп жатырсыздар. Өкінішке қарай, Алматыда дәрігерлерімізді індеттен қорғай алмадық. Қазір қалыптасқан Төтенше жағдайды жою үшін күресудеміз. Сондықтан абай болғандарыңыз жөн, ең алдымен, өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мемлекеттің алдындағы басты міндет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі дағдарыстан денсаулығы мықты ұлт қана аман-есен шығады.

«Кешенді шаралар қабылдау керек. Біз посткеңестік кеңістікте қажетті шараларды ең алғашқылардың бірі болып қабылдадық. Азаматтарымызға карантин режимін сақтаудың оңай емес екенін түсінемін. Бірақ бұдан басқа жол жоқ. Қалай болғанда да осы айдың аяғына дейін карантин режимін сақтаймыз. Арғы жағын тағы да қарастырамыз. Мүмкін, мәселені реттеудің жаңа әдістері табылар. Өйткені халық біртіндеп үйлерінен шығуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы экономиканы қолдаудың маңыздылығы жайында да айтты.

«Экономикалық даму, шағын және орта бизнес туралы да ойлану керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы қажет. Бұл жөнінде келесі аптадағы телевизиялық үндеуімде егжей-тегжейлі айтамын», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлермен әңгімелесу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін реформалау мәселесіне тоқталды.

«Әрбір дағдарыстың өз сабағы болады. Оны ескеру керек. Біз қазіргі дағдарыс пен пандемиядан сабақ алып жатырмыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін дамытуға және оны қолдауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінбеді. Әрине, оның белгілі бір себептері бар. Оны сіздер жақсы білесіздер. Біз қазір Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын қайта қалыптастырып жатырмыз. Қажетті реформалар жүргізілетін болады. Атап айтқанда, Бас санитарлық дәрігердің өкілеттігі күшейтіледі», – деді Мемлекет басшысы.

Медицина қызметкерлері қолдау көрсеткені үшін мемлекет пен Президентке алғыс айтты. Сондай-ақ олар дәрігер-инфекционистердің еңбек ақыларын арттыру мәселесін көтерді.

«Біз қазір бюджеттің барлық қаражатын шоғырландырып жатырмыз. Сіздер Қазақстанның осыған дейін қалыптасқан дәстүрлі нарығының құлдырағанын түсінуге тиіссіздер. Бюджетке түсуге тиісті қаржының негізгі бөлігін толық ала алмай отырмыз. Дегенмен осындай күрделі қаржылық қиындықтарға қарамастан, сіздердің өтініштеріңізді қараусыз қалдырмаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 


Жаңалықтар тізбегі
04 Наурыз 2021, 20:54
Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
04 Наурыз 2021, 19:56
Қазақстан мен Өзбекстанның вице-премьерлері COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды талқылады
04 Наурыз 2021, 18:27
ҚР-да 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін жергіліктендіреді — А. Мамин
04 Наурыз 2021, 14:32
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
04 Наурыз 2021, 11:19
Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
04 Наурыз 2021, 10:45
Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
04 Наурыз 2021, 10:21
Қазақстан The Economist Intelligence Unit азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
03 Наурыз 2021, 20:38
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
03 Наурыз 2021, 19:12
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізді
03 Наурыз 2021, 19:05
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті
03 Наурыз 2021, 19:04
Мемлекет басшысы ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындады
03 Наурыз 2021, 15:12
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
03 Наурыз 2021, 13:20
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
02 Наурыз 2021, 20:27
А. Мамин Қырғызстан Президенті С. Жапаровпен келіссөз жүргізді
02 Наурыз 2021, 19:17
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін бақылау, су тасқыны кезеңіне дайындық, төтенше жағдайларға ден қою — ҚР ТЖМ
02 Наурыз 2021, 18:15
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесті
02 Наурыз 2021, 17:33
Дәурен Кеңбейіл Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:10
Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Наурыз 2021, 15:04
Гүлжахан Бимендина ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылды 
02 Наурыз 2021, 14:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2021
02 Наурыз 2021, 13:25
Инвестициялардың өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Ақмола облысының 2020 жылы дамуы
02 Наурыз 2021, 13:12
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
02 Наурыз 2021, 12:48
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жақсарту үшін МСАК Астана декларациясының операциялық тетігі ілгерілетілуде — А. Цой
02 Наурыз 2021, 11:00
Қазақстанда бес жылда ауыл шаруашылығында өнім экспортын және ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің табысын 2 есе ұлғайту жоспарланған  
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.