Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу