Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады

Мемлекет басшысы Президенттің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған Реформа жөніндегі Жоғары Кеңестің екінші отырысына дайындық барысы және Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу