Қазақстан мен Қытай Инфрақұрылымды дамыту азиялық банкін құру мүмкіндігін қарастырды
Бүгін Астанада АДБ Басқарушылар кеңесінің 47-ші мәжілісі аясында Қазақстанның бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев Қытай қаржы министрі Лоу Цзивэй мырзамен екіжақты кездесуде инфрақұрылымды дамыту азиялық банкін құру мүмкіндігін талқылады, деп мәлімдеді ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Тараптар ынтымақтастық мәселелерін және инфрақұрылымды дамыту азиялық банкін құру жағдайларын талқылады», - делінген хабарламада.
Қытай Қаржы министрлігі басшысы атап өткеніндей, Қытай бұл бастаманы аймақтағы экономикалық интеграцияға ықпал ету үшін қолға алып отыр.
«Бізде қазіргі уақытта үш жоба етене қолға алынып жатыр. Оңтүстік-Батыс бағыты бойынша - Теңіз жібек жолы, солтүстік-шығыс бағыт бойынша – Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі. Ал үшінші бағыт – солтүстік-шығыс Ресей және Монғолия бағыты. Бүгінгі күні біз, өндірістік және қайта өңдеу салаларын дамыту үшін көліктік инфрақұрылымды дамытудамыз. Біздіңше көліктік инфрақұрылым экономикалық дамудың негізі», - деп толықтырды ол.
Орталық Азия елдерінің қарқынды дамуын атап өткен қаржы министрі Қазақстанмен энергетика саласында ынтымақтастық орнату ниетін білдірді.
Өз кезегінде Бюджеттік жоспарлау және экономика министрі Ерболат Досаев Қазақстанның солтүстік-шығысында электрэнергиясының аса мол екенін жеткізе келіп, «Біз Қытайға елдің шығысы арқылы электрэнергиясын бағыттау мәселерін қарастыра аламыз. Қазақстан бүгінгі күні артық электрэнергияны Ресейге экспорттауда, бірақ қуаттылық жағынан алғанда біздің одан да көп көлемде экспорттау мүмкіндігіміз бар. Әлеует мықты, біз оны тиісті деңгейде пайдалануымыз керек. Сондықтан, инфрақұрылымды дамыту азиялық банк құру бастамасы экономикалар етене жұмыс істеуі үшін жобаларды тереңірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін министр.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз