Қазақстан - ОА-дағы инвестициялар үшін тартымды елдердің бірі

Қазақстан, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) ойынша, Орталық Азияның инвестиция өлшеміне сәйкес келетін инвестицияға лайық алғашқы елдердің бірі. Бұл туралы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің директор орынбасары Агрис Прейманис МАЙНЕКС Орталық Азия 7-ші кен өнеркәсібі форумында мәлім етті.

«2017 жылы елдің тұрақтылығы үшін Қазақстанның өсуі мен бұрыңғы өсім деңгейіне келуін болжамдаймыз. Олар Қазақстанның шын мәнінде дамыған экономика болуына мүмкіндік береді. ЕҚДБ пайымдауынша, Қазақстан Орталық Азияның инвестиция өлшеміне сәйкес келетін инвестицияға лайық алғашқы елдердің бірі», - деді А. Прейманис.

Оның айтуынша, Қазақстан барлық елдердің ішінде өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Қазіргі күні басқа елдер экономикасындағы мәселелерге байланысты түрлі күйзелістік жағдайларға тап болуда. 

«Қазақстанда өткен жылдың соңғы тоқсаны мен осы жылдың бірінші тоқсаны айтарлықтай қиын өтті, өсім бәсеңдеді. Ұлттық банкте қайта қаржыландырудың төлем базасы өте жоғары, мұнайға баға төмен. Оған қарамастан, соңғы бірнеше айда Қазақстанның динамикасының қайта қалпына келіп жатқандығын айтып өткім келеді», - деді сарапшы.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу