2014-2015 жылдары Қазақстанда электрондық коммерция «бумы» күтілуде

2014 жылдың соңы – 2015 жылдың басына дейін Қазақстанда электрондық коммерция күрт дамуы мүмкін, деп атап өтті «АКТ дамыту қоры» бас директоры Санжар Кеттебеков ASTEX-2014 ақылды технологиялар көрме-конференциясы барысында primeminister.kz сайтына берген сұхбатында. 

«Егер электрондық коммерция жайлы айтар болсақ, Қазақстанда «бум» күтілуде. Биылғы жылдың соңына - келесі жылға қарай. Бұл нарықтың дамуына, және халықтың онлайн сатып алуға дайындығына негізделген», - деді С.Кеттебеков.

Сонымен бірге, ол Қазақстанда электрондық коммерция нарығының тұрақты өсімі үшін екі мәселені шешу қажет екенін атап өтті. Біріншісі - логистикалық сервисті реттеу, онлайн тауарларды ірі жеткізуші - Қытайдан, сондай-ақ басқа елдерден интернет-дүкеннің қоймасына дейін, сосын дүкеннен сатып алушыға дейін тауарларды жеткізуді ұйымдастыру.

Екінші мәселе – төлем жүйелерін, онлайн-төлемдерді, терминалдар мен онлайн-банкинг арқылы төлемдерді дамыту. 

«Онлайн-банкингке назар аудартқым келеді. Қазақстандағы тек бір банк қана тәулігіне 24 сағат онлайн және демалыс күндері жұмыс жасайды. Ал, қалған банктер бұлай жұмыс жасамайды. Мұндай банкингтің не керегі бар? Банкте жұмыс жасаған құрылымды онлайнға жатқыза салған. Бірақ, банктің онлайн-құрылымы басқа болуы тиіс, банктің күндізгі операцияларына тәуелді болмауы керек. Бұл айырмашылық келеңсіздік тудырады», - деп атап өтті С.Кеттебеков.

Қор басшысы пайдаланушыға бағытталған қызмет көрсетулер ұсынуға тәсілдерді үйрену қажет екенін басып айтты.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу