Қазақстан макроэкономикалық жетістіктерінің арқасында ДЭФ рейтингісінде өз позициясын жақсартты - Шигео Катсу

Қазақстан макроэкономикалық сектордағы басқару тиімділігі және жүргізіліп жатқан институционалды реформалардың арқасында жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 42-ші орынға көтерілді, деп есептейді Назарбаев Университеті президенті Шигео Катсу мырза.

«Қазақстанның дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін шыңдауына елдің қуатты қарқындағы макроэкономикалық саясаты көп септігін тигізді», -деді Ш.Катсу. 

Ол Қазақстанның жаһандық рейтингтегі нәтижелерін үлкен жетістік ретінде атап өтті.

Оның айтуынша, бізге адамдарды мемлекеттік қаржыландыруға үйретіп, елдегі макроэкономикалық басқарудың қуатты дәстүрлі бағытына ұдайы күмәнмен қарауға дағдыландыру қажет.

Сондай-ақ, Назарбаев университетінің президенті 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингісіндегі өз позициясын одан әрі жақсартуға алып келеді деп есептейді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу