Қазақстан 2005 жылдан бастап ДЭФ рейтингісінде позицияларын жақсартты – ҰТО

2015 жылы Қазақстан 22 позиция бойынша көрсеткіштерді айтарлықтай жақсартып, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 42-і орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық талдаулар орталығы» АҚ басқарма төрайымы Ақтоты Айтжанова. 

«Қазақстан биылғы жылы әлемдік рейтингте 42-і орынға көтерілді. Бұл еліміздің Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісіне қатысып жүрген 2005 жылдан бергі ең үздік нәтижесі. Жалпы жағдайдың жақсаруы барлық бағыттар бойынша байқалады: институционалдық сектор, адами капитал, сонымен бірге, бұл бизнесті реттеу мәселесіне де қатысты», - деді А.Айтжанов. 

Жеке секторларға қатысты сарапшы ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларын атап өтті.

«Биылғы жылы 100 компаниядан 5-еуі ауыл шаруашылығы саласында, 26-сы - өңдеуші өнеркәсіпте және 57% - қызмет көрсету саласында. Сондай-ақ, аталған сауалнаманың нәтижелерін сәуір айында Швейцарияға жібереміз. Одан кейін бұл нәтижелер 114 көрсеткіштің ақтық рейтингіснің 2/3 қалыптастырады», - деп түсіндірді А.Айтжанова. 

«Қазақстан әлемдік рейтингтегі 22 көрсеткіш бойынша еліміздің жалпы рейтингісіндегі орыннан жоғары тұрса, 15 көрсеткіш бойынша еліміз қазірдің өзінде әлемнің «топ-30» елдерінің арасына еніп отыр», - деп атап өтті сарапшы.

ДЭФ мәліметінше, рейтингте Швейцария екінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді. 

Азия елдеріне қатысты, сарапшылардың пікірінше, өңірлердің саяси жағдайына байланысты қауіп-қатерлер бар. 

Ұлттық талдаулар секторы 2009 жылдан бастап Дүниежүзілік экономикалық форумның серіктес институты болып табылады, ол жыл сайын форумға арнап кәсіпорындардан сауалнама алады. Сауалнамаға 100-ге жуық компанияның басшылары қатысады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу