Қазақстандық экономика сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне ұшырауы мүмкін – сарапшылар
2020 жылға дейін қазақстандық экономика көмірсутектердің төмен бағалары жағдайында және сыртқы дағдарыс құбылыстарының әсерінен даму қиындықтарына ұшырайды, деп мәлімдедіАстанада өткен баспасөз мәслихатында
«Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтер қоржыны жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Балжит Грюал.
«Егер де мұнай бағасына тоқталатын болсақ, 2017-2018 жылдарға бір барреліне орташа алғанда 45 долларды болжап отырмыз. Біздің ойымызша, бұл оңтайлы әрі қарапайым көрсеткіштер және оған біздің жоспар негізделіп отыр, егер де баға бұдан жоғары болса, бұл өз кезегінде Қор үшін қолайлы фактор болар еді», - деді Б.Грюал.
«Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 2016-2020 жылдары Қор сұраныстың азаюы, шикізатқа бағаның төмендеуі, қоржын деңгейіне қарыз салмағының артуы салдарынан ауыр экономикалық жағдайда жұмыс істейді.
Алайда, осы күрделі жағдайға қарамастан, «Самұрық-Қазына» АҚ 2016 жылды 100,85 млрд теңге көлеміндегі таза табыспен аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар одан арғы жылдары стратегиялық бастамаларды тиімді жүзеге асыру арқасында Қордың жиынтық таза табысы тұрақты түрде өсетін болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз