Қазақстандық ұшақтар қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келеді - С.Мұхтыбаев
Отандық ұшақтар ұшулар қауіпсіздігі бойынша барлық қажетті талаптарға жауап береді, деп мәлімдеді бүгін Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Серік Мұхтыбаев.
«Біздің ұшақтар қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келеді», - деді С.Мұхтыбаев.
СКАТ компаниясы IOSA Халықаралық Әуе көлігі қауымдастығы аудитін өткізу үдерісін аяқтады, оған қауіпсіздік бойынша 800-ден астам параметрден құралған.
Сонымен қатар, ол 2013 жылдан бастап ҚР заңнамасына талаптарды күшейтуді қарастыратын 80-нен астам түзету енгізілгенін атап өтті.
«Түзетулер нәтижесі бойынша компаниялардың көбісінде лицензиялар тоқтатылып, кері шақыртып алынды, бұл жұмыс жалғасады және ол жүйелі болмақ», - деп баса айтты ол.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз