Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын сапалы жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Олжас Бектенов еліміздің одан әрі дамуы үшін Негізгі заңның ерекше маңызын атап өтті.

«Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл – еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат. Ата заңның қабылдануы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін азаматтарымыздың жаппай қолдайтынын анық көрсетті. Жаңа Конституция экономикалық көрсеткіштермен ғана өлшенбейтін озық әрі қарқынды дамудың берік институционалдық негізін қалыптастырады. Президент жаһандық өзгерістердің көшін қуып жетумен ғана шектелмей, жаңа экономикалық ахуалды қалыптастыратын белсенді қатысушыға айналуымыз керек екенін атап өтуде», — деп атап өтті Премьер-министр.

Премьер-министр барлық мемлекеттік және қоғамдық институттарды түбегейлі жаңғырту басталғанын атап өтті. 

Жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің барлығы қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтау, азаматтардың әл-ауқатын лайықты деңгейде қамтамасыз ету, «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ қазақстандықтардың озық ойлы әрі жоғары интеллектуалды буынын қалыптастыруға бағытталған. 

#Олжас Бектенов #Заң жобалары #Президенттің тапсырмасы #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу