Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан дамуының ұлттық жоспары: әлеуметтік әл-ауқат, мықты экономика және қолжетімді денсаулық сақтау саласы

Сәрсенбі, 17 Наурыз 2021, 18:30:45

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, ұлттық даму жоспары, жалпыұлттық басымдықтар және мемлекеттік басқару тұжырымдамасы туралы» баспасөз конференциясы өтті. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, ҚР ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндама жасады.

ҚР СЖРА төрағасы Қайрат Келімбетов мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі өзгерістер жобасын таныстырды.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Үкіметпен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, озық халықаралық елдердің ұқсас жүйелерінің тәжірибесін ескере отырып осы жүйені жаңартты.

Қ. Келімбетов айтып өткендей, мемлекеттік жоспарлаудың негізгі қағидаты ретінде «адам – орталық» қағидаты сақталды. Бұл дегеніміз барлық құжаттардың, оның ішінде ұлттық жобалардың азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарының төңірегінде құрылуын білдіреді.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі жаңа құжаттарды енгізуді және қолданыстағы құжаттардың қайта жүктелуін ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясының қазіргі заман ахуалында және әлемдік дамудың қалыптасқан үрдісімен үйлесе отырып іске асырылуын қамтамасыз ететін үш деңгейлі иерархиялық жүйені сақтап қалды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, бұған дейін де бірнеше рет айтылғандай, мемлекет дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын елдің негізгі құжаты (немесе жоғары деңгейдегі құжат) болып қала береді.

«Оны іске асыру үшін анағұрлым қысқа мерзім аралығындағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайтын Ұлттық даму жоспары енгізілді. Оның нақты басымдықтары болуы үшін Президенттің жалпыұлттық басымдықтарды білдіретін тиісті Жарлығы қабылданды», — деді Қ. Келімбетов.

2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Жалпыұлттық басымдықтары үш бағытқа бөлінген:

  • азаматтардың әл-ауқаты;
  • институттардың сапасы;
  • қуатты экономика.

 «Азаматтардың әл-ауқаты» бағыты үш басымдықты қамтиды:

  1. әділетті әлеуметтік саясат;
  2. қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі;
  3. сапалы білім.

«Біздің барлығымыз мемлекетіміздің осы немесе басқа әлеуметтік ішкі жүйесінің, әсіресе пандемия кезінде қаншалықты маңызды екенін сездік. Іс жүзінде барлық елдер денсаулық сақтауды дамыту модельдерін, денсаулық сақтаудың әртүрлі бағдарламаларын қаржыландыру сапасын байыпты түрде қайта қарады. Сондықтан денсаулық сақтауды дамытудың қолжетімді және тиімді жүйесінің басымдығы мемлекет айналысатын негізгі бағыт болып табылады. Бізде медициналық мекемелерді қайта жарақтандыру, барлық негізгі қалалар мен облыстарда жаңа заманауи медициналық орталықтар салу жөнінде маңызды жоспарлар бар. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша өте маңызды жоспарлар бар. Денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен тиімділігі — еліміздің басты басымдығы», — деп түсіндірді Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

 «Институттардың сапасы» бағыты төрт басымдықты қамтиды:

  1.  азаматтардың мүддесін қорғайтын әділетті және тиімді мемлекет;
  2.  мемлекеттік басқарудың жаңа моделі;
  3.  патриотизм құндылықтарын дәріптеу;
  4.  ұлттық қауіпсіздікті нығайту.

 «Қуатты экономика» үш басымдықтан тұрады:

  1. әртараптандырылған және инновациялық экономика құру;
  2. экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту;
  3. теңгерімді аумақтық даму.

Әрбір басымдық 1-3 шақты өлшенетін индикаторға ие болады және оларға қол жеткізу Қазақстан азаматтарының өмір сапасына айтарлықтай оң әсерін тигізеді.

«Осы басымдықтардың барлығы ең алдымен экономикалық және бюджеттік мүмкіндіктерге негізделеді, сондықтан әртараптандырылған экономиканы құру бұл алдыңғы онжылдықтарда белгіленген реформаларды жалғастыру жобасы — бұл мұнайға тәуелділіктен ауытқу, мұнайға жатпайтын экономиканы құру. Инвестиция тартуға ден қою өте маңызды. Белсенді экономикалық сауда дипломатиясын дамыту басымдылығы кездейсоқ емес, атап айтқанда Реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңестің отырысында жақында инвестициялар тарту бойынша тәсілдер тыңдалды, Қазақстан өңірлік көшбасшылыққа бағдарлануда», — деді ҚР СЖРА төрағасы.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық төмен тұрған құжаттары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Аумақтарды дамыту жоспары және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы Жалпыұлттық басымдықтарды орындауға бағытталуы тиіс.

Жалпыұлттық басымдықтардың негізінде бірінші деңгейдегі құжаттар әзірленуде, олар:

  • стратегиялық даму жоспарынан түрлендірілген 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары;
  • аумақтарды дамытудың болжамды схемасынан түрлендірілген Аумақтарды дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары;
  • ұлттық қауіпсіздік стратегиясы.

Екінші деңгейдегі құжаттар – бұл аяны/саланы және ұлттық жобаларды дамыту тұжырымдамалары.

Аяны/саланы дамыту тұжырымдамалары аяны/саланы дамытудың пайымын айқындайтын немесе орта және ұзақ мерзімді кезеңдерінде тиісті салалардағы саясатты ашатын болады.

Ұлттық жобалар жалпыұлттық басымдықтарға, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттары, міндеттері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жекелеген аса маңызды құжаттар болады және бюджеттен басым түрде қаржыландырылады.

«Ұлттық жобалар — бұл қандай да бір мәселе бойынша мемлекеттік саясатты баяндаудың ықшам нысаны. Бізде 15-20-ға жуық ұлттық жоба қабылданады, онда ұлттық жобаның міндеті, мысалы, геологиялық барлауды дамыту немесе электр энергетикасы саласын дамыту немесе агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы, денсаулық сақтау реформасы, нақты не істелетін болады, қандай қаражат бөлінуі тиіс және оған кім жауап береді нақты белгіленетін болады», — деп түсіндірді ол.

Қайрат Келімбетов ұлттық жоба үш құрылымды болатынын атап өтті. Оның айтуынша, Ұлттық жоба — бұл белгілі бір бағдарлама, ол ұлттық сипатқа ие және бүкіл елдің ауқымына бағытталған және «бүкіл ел бойынша пайда әкелуі керек».

Оның екінші сапасы — адамға бағытталған тәсіл. Бағдарламалар иесіздендірілмеген, олар ел азаматтарының олардан не алатынын, олардың әлеуметтік әл-ауқатына, жұмыс орындарын құруға, экономиканы әртараптандыруға, азаматтардың кірістеріне қалай әсер ететінін нақты көрсетуі керек.

Сондай-ақ, жобалық тәсіл де маңызды, деп есептейді Қ. Келімбетов. Көп нәрсе жоғары жылдамдықпен өзгеретін жағдайда (геосаяси жағдай, технологиялық трендтер, «жасыл» экономикаға көзқарас, шикізат тауарларының бағасы) мемлекет оларға тез ден қоя білуі тиіс.

Үшінші деңгейдегі құжаттар – бұл іске асыру құжаттары. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың даму жоспарлары жоғары тұрған құжаттардың міндеттерін жүзеге асырудың тетіктерін сипаттайтын болады.

Осылайша, Жалпыұлттық басымдықтарды, сәйкесінше «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындауға бағытталған үш деңгейдегі барлық құжаттар арасында нақты байланыс қамтамасыз етіледі.

Ұлттық жобалардың іске асырылуы ел басшылығының жіті бақылауында болады. Ол үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі төмендегілерді болжайды:

  • жобалық басқаруды белсенді қолдану. Үкімет арнайы институт – Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу кеңсесін құрды;
  • Data Driven Government, яғни, деректерге негізделген үкімет платформасын іске қосу. Деректерді басқаруға, тұрақты мониторингті және ең маңыздысы – алдын алу саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Реформалар мониторингінің ұлттық талдау орталығы құрылды. Smart Data Ukimet ақпараттық жүйесін қолдана отырып, нақты бір сәттегі жағдайды жедел бағалау үшін деректердің толық және интерактивті көрсетілімі қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінен басқа, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды 2030 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

Бұл құжат мемлекеттік басқару жүйесінің пайымы мен даму қағидаттарын көрсетеді, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі оның негізгі бағыттарын жетілдіру тәсілдерін айқындайды.

Тұжырымдаманың мақсаты – азаматтар мен олардың әл-ауқаты басты құндылық болатын мемлекеттік басқарудың сервистік және «адам – орталық» моделіне көшу.

«Тұжырымдама мемлекеттік аппараттың мемлекеттік басқарудың сервистік және адамға бағдарланған моделіне, яғни, бюрократиялық модельден проактивті қызметке көшуіне бағытталған», — деді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов. 

Мемлекеттік саясаттарды қалыптастыру мен іске асыру кезінде мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқарудың бес негізгі қағидатын басшылыққа алатын болады. Мемлекет «халық үніне құлақ асатын», тиімді, қоғам алдында есеп беретін, кәсіби және прагматикалық болуы қажет.

Осы қағидаттарға сүйену үшін мемлекеттік аппарат тоғыз негізгі міндетті орындауы қажет:

1) клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

2) стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ реформалар жүргізу тәсілдерін жетілдіру;

3) оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;

4) азаматтардың қажеттіліктеріне негізделген проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу;

5) адами ресурстардың сапасын жақсарту және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру;

6) тиімді, оңтайлы және ашық квазимемлекеттік секторды қалыптастыру;

7) жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жетілдіру;

8) бизнесті дамытуға арналған қолайлы жағдайлар жасау;

9) мемлекеттің сервистік моделін құру үшінсот жүйесі мен әкімшілендіруді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін трансформациялау.

Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін әр бағыт бойынша бірқатар нақты бастамалар қарастырылған.

Құжаттың сапалы орындалуы мемлекеттік басқарудың тиімділігін, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, мемлекет пен азаматтар арасындағы байланысты жақсартуға, халықтың мемлекет институттарына деген сенімін нығайтуға ықпал етуі тиіс. 

Осы жылдың 1 шілдесіне дейін әзірлеу жоспарланып отырған аумақтық даму жоспары туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қайрат Келімбетов Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінде Ұлттық даму жоспары маңызды орта мерзімді құжат болып табылатынын атап өтті. Бұл жоспар экономикадағы қай салалар әртараптандырылатынын, әлеуметтік саясат қандай болатынын түсінуге бағытталған. Өңірлер көлемінде бұл Аумақтық даму жоспарын жасауға арналған.

«Біз әрбір өңірдегі жағдайдың қандай екенін, онда мемлекет алдына қойып отырған көрсеткіштерге, оның ішінде орнықты даму көрсеткіштеріне (азаматтардың әлеуметтік жағдайы, өңірлердегі экологиялық жағдай және т.б.) қалай қол жеткізілетінін нақты түсінуге тиіспіз. Екінші жағынан, әрбір өңірдің өзінің нақты артықшылығы бар, яғни кейбір өңірлер ірі өндірістерді технологиялық жаңғыртуға дайын, кейбір өңірлер аграрлық қайта өңдеуге, ауыл шаруашылығын дамытуға, мұнай өңдеуге бағдарланған. Сондай-ақ бізде аумақтық даму саясаты бойынша агломерациялар қалыптастырылуда», — деді ол.

Аталған құжаттың әзірлеушілері 2 ведомство — Ұлттық экономика министрлігі және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі болып отыр. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі рөлі — инвестициялар тартумен, индустриялық және әлеуметтік саясатпен, денсаулық сақтаумен, білім берумен айналысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстарын үйлестіру. Жобаның жаңалығы — оған жергілікті атқарушы органдар да, ірі компаниялар мен мемлекет те белсенді қатысады. Биылғы жылғы қаңтардан бастап Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықпен белсенді жұмыс істейді. Мұндай үйлесімді бірлескен жұмыс аумақтық дамудың теңгерімді жоспарын дайындауға көмектеседі.

Келесі мәселе қазақстандық ұлттық компаниялардың IPO бойынша жоспарларына қатысты болды.

Халықаралық қаржы орталығының дамуы жекешелендіру процестерімен байланысты. Үкімет таяудағы 3 жылда жекешелендіруге барынша ықпал ету үшін арнайы жекешелендіру жоспарын қабылдады. Үкіметте қазір жекешелендіруді жеделдету және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бөлігі болып табылатын қазақстандық ұлттық компаниялардың IPO-ға шығу мүмкіндігі талқылануда. «Қазақстан темір жолы», «Қазмұнайгаз» және «Қазатомөнеркәсіп» сияқты компаниялар акцияларының пакеттерін жекешелендіру 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Кейінге қалдырудың объективті себептері өткен жылдардағы баға конъюнктурасы және пандемияның жаһандық рецессияға әсері болып отыр.

Қ. Келімбетов егер осы жылы орташа есеппен оптимистік сценарийлерде болжанатын мұнай бағасымен (орташа баға – барреліне $65 шамасында) жағдай түзелсе, онда процестер жеделдетілуі мүмкін деген пікір білдірді. Сонымен қатар, оның айтуынша, 2021 жылы «Қазақстанның кейбір жеке компаниялары» АХҚО биржасының алаңында орналастыруды жалғастырады деп күтілуде.

Халық санағын өткізу туралы айта келе, Қайрат Келімбетов санақ 1 қыркүйектен қазан айының соңына дейін жүргізілетінін атап өтті. Оған жалпы 2 айға жуық уақыт кетеді. Санақ жүргізу бойынша арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, оны ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарды. Осы комиссияның бірнеше отырысы өтті. 

«Жалпы алғанда, өткен санақтар аясында жүргізілген басқа да іс-шараларға қарағанда, бұл санақ барынша цифрландырылған болады деп болжануда. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz ұлттық статистика бюросының арнайы сайты ашылады. Бұл онлайн-режимде санақ аясында қойылатын барлық сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді», — деді ол. 

Қазанның соңғы екі аптасында интервьюерлер азаматтардың үйлерін аралайды, қазақстандықтардың деректерін электрондық планшеттер арқылы толтырады.

Қазір санақты өткізуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Статистика бойынша алғашқы нәтижелер жыл соңына дейін алынады.

Өз кезегінде ҚР ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев биылғы 26 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілгенін атап өтті.

Ұлттық жоспар Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімдік даму стратегиясын және Жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру үшін әзірленген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі құжаты болып табылады. 

Жоспар коронадағдарыс салдарын нивелирлеуге, сондай-ақ жаңа жағдайларда тұрақты және инклюзивті экономиканы дамытуға бағытталған ортамерзімдік перспективадағы елдің жаңа экономикалық бағытының негізгі параметрлерін қалыптастырады.

«2018 жылы қабылданған 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары елді үшінші жаңғырту процестерін іске қосты. Алайда, пандемия әсер еткен жаһандық экономика дамуының күрт өзгеруі негізгі даму сценарийін түбегейлі өзгертіп, “жаңа ақиқатты” қалыптастырды», — деді ұлттық экономика министрі.

Ұлттық жоспар барлық саладағы міндетті құрылымдық өзгерістерге байланысты жаңа экономикалық шынайылықты ескере отырып әзірленді.

Пандемия салдарынан әлемдік ЖІӨ бейбіт уақыттағы рекордтық 3,5%-тік деңгейге дейін төмендеді. Бұл ретте жаһандық борыш жаңа тарихи шекке жетті. 

Әлемдік мұнай және басқа да тауар нарығындағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Пандемия өзін-өзі қамтамасыз ету және протекционизм трендін күшейте отырып, жаңа әлемдік сауда тәртібін қалыптастырады.

Өндірістік процестер жеткізілім сенімділігін арттыра отырып, өндіріс құнын азайтуға назар аударудың нәтижесінде аймақтық сипатқа ие болады.

Ә. Ерғалиевтің айтуынша, виртуалдық өзара іс-қимыл форматы күнделікті жәйтке айналды, ал цифрлық технология бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі себебі болмақ.

Коронакризис әлемдегі теңсіздіктің өсу тенденциясын жеделдетеді. Біріншіден, бұл жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне байланысты. Әлеуметтік қорғау жүйесіне жүктеме өседі. «Білім экономикасының» қалыптасуынан туындаған еңбек нарығындағы құрылымдық өзгерістер жеделдетілуде. Білім беру модельдері өзгеруде, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері шиеленісіп, денсаулық сақтау жүйесін дамыту тәсілдері түбегейлі қайта қаралуда.

«Жаңа шынайылық» жағдайында Ұлттық жоспар жеті негізгі қағидатқа негізделетін дамудың жаңа моделін қалыптастыруды қамтамасыз етеді:

  • игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
  • жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
  • адал бәсекелестік;
  • өнімділіктің өсуі,
  • экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру; адами капиталды дамыту;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • мемлекеттің дәлелді шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі.

Дамудың жаңа траекториясына шығу халықтың өмір сүру сапасы мен табысының нақты өсуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық жоспар азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және мықты экономика атты үш бағыт бойынша 10 жалпыұлттық басымдықтан тұрады.

«Әділ әлеуметтік саясат» жалпыұлттық басымдығы нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және әлеуметтік саламаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шараларды іске асыруды көздейді. Еңбек нарығын қалпына келтіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Еңбек қатынастарының жаңа прогрессивтік нысандарын енгізу жұмыспен қамтудың икемді нысандарын дамытуды қамтамасыз етеді», — деді Ә. Ерғалиев.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы еліміздің әлеуметтік кодексімен реттелетін болады.

2025 жылға қарай қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7%-тен аспайтын деңгейге төмендейді.

«Мемлекеттің әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар бойынша барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады. Инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу қамтамасыз етіледі, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсетудің өтінім нысанынан анықтау нысанына көшу жүзеге асырылады», — деді ұлттық экономика министрі.

«Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» жалпыұлттық басымдығы адамдардың денсаулығын жақсартуға, қолдауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне ықпал ететін тұрақты денсаулық сақтау жүйесі тұжырымдамасын дамытуды көздейді.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, кадр әлеуетін және ғылыми медицинаны дамытуға, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құруға, сондай-ақ саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған батыл шаралар іске асырылатын болады.

«Соның нәтижесінде дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өседі. 2025 жылға қарай азаматтардың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға бағдарлана отырып, пациент-орталық медицинасына көшу жүзеге асырылады, сондай-ақ ауылдар мен қалаларда сапалы медициналық қызмет көрсетуге кепілдік беріледі. Барлық өңірде 20 заманауи медициналық орталық, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынады», — деді Ә. Ерғалиев.

Бұл ұзақмерзімдік кезеңге арналған сапалы денсаулық сақтау инфрақұрылымын қамтамасыз етудегі айтарлықтай мәселелерді оң шешеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді.

«Сапалы білім беру» жалпыұлттық басымдығы жаңа экономикалық бағытты іске асыру үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытуды көздейді.

Білім беру жүйесін жаңғырту оның сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталатын болады.

«2023 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есе өседі. 2025 жылға қарай мектепке дейінгі мекемелерде балалар 100% қамтылады. Барлық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалатын болады. 2025 жылға дейін білім беруге қолайлы жағдай туғызу үшін 800 жаңа мектеп салынады. Бұл апатты және үш ауысымды мектеп, орын тапшылығы проблемаларын шешуге мүмкіндік береді», — деді ведомство басшысы. 

«Бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасы» жобасы іске қосылады. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша ел өңірлерінде 2 жетекші ЖОО құрылатын болады. Еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 20 университетінің базасында Академиялық артықшылық орталықтары құрылады.

«Азаматтардың мүддесін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет» жалпыұлттық басымдығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толыққанды іске асыра отырып, заңның нақты үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық негіздерді жетілдіруді көздейді.

Соның нәтижесінде экономикалық қызметті ынталандыру, өмір сүру сапасын жақсарту және азаматтар құқықтарының қорғалу деңгейін арттыру үшін жағдай жасалады.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қоғамдық иммунитетті арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қоғам мен бизнесті тарту бойынша жұмыс жалғасады.

«Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі» жалпыұлттық басымдығы халық пен бизнестің мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған» моделін енгізуді көздейді.

«Патриотизм құндылықтарын дәріптеу» жалпыұлттық басымдығы қайратты және жауапты адамдардың біртұтас ұлтының қалыптасуына, ұлттық бірегейлікті сақтауға және әрбір азаматтың санасын жаңғыртуға бағытталған шараларды іске асыруды көздейді.

Ә. Ерғалиев атап өткендей, жастардың өзін-өзі танытуы, сондай-ақ қайырымдылық мәдениетінің деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасалады.

«Ұлттық қауіпсіздікті нығайту» жалпыұлттық басымдығы ҚР 2025 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы шеңберінде ұлттық мүдделерді тиімді қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.

Оны іске асыру нәтижесі қоғамдық қауіпсіздікті 80%-ке дейін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономика үлесін 15%-ке дейін төмендету болады.

Экономикалық қатынастардың жаңа жүйесін қалыптастыру жағдайында әртараптандырылған және инновациялық экономиканы дамытуға бағытталған құрылымдық реформалар іске асырылатын болады.

Басымдықтардың бірі «жаңа парақтан бастау» және «реттеуші гильотинаны» реттеу тетіктерін енгізе отырып, қағидатты жаңа реттеушілік саясатты қалыптастыруды, бизнеске жүктемені төмендетуді, сондай-ақ қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуді көздейтін кәсіпкерлікті дамытудың «жаңа күн тәртібін» іске асыру болады.

«Соның нәтижесінде экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 15%-ке дейін, ШОБ-та жұмыс істейтіндердің саны 4 млн адамға дейін өседі. Экономиканы индустрияландыру жөніндегі жұмыстың негізгі нәтижесі өңдеуші өнеркәсіп өнімінің көлемін 1,5 есе ұлғайту болады», — деді Ә. Ерғалиев.

АӨК-те негізгі басымдық ауқымды және кешенді экожүйелерді қалыптастыруға арналады. Осы мақсатта 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тарта отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылатын болады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,3 есеге, қайта өңделген АӨК өнімінің үлесі 70%-ке дейін ұлғаяды. Экономика салаларын цифрландыру, жасанды зерде және Big Data элементтерін енгізу жөніндегі шараларды іске асыру жалғасады.

Сондай-ақ ұлттық экономика министрі ел халқының 99%-ы сапалы интернетке қол жеткізе алатынын айтты.

Туризмді дамыту жөніндегі белсенді шаралар экономика саласының үлесін ЖІӨ-нің 8%-іне дейін өсіруге мүмкіндік береді.

Үйлестірілген макроэкономикалық саясат салық-бюджет тұрақтылығын сақтау және тиімді монетарлық саясатты іске асыру, сондай-ақ бәсекелі және тиімді қаржы нарығын дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

«Экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту» жалпыұлттық басымдығы Қазақстанның нақты бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және оның әлемдік экономикалық қоғамдастықтың жауапты қатысушысы ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейді.

Сыртқы экономикалық саясатта инвестицияларды белсенді және таргеттелген тарту, сондай-ақ қазақстандық экспортты ілгерілету маңызды басымдыққа айналады.

«Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай тікелей шетелдік инвестиция көлемін $30 млрд жеткізу жоспарлануда. Бұл негізгі капиталға инвестиция деңгейін 30% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мұны әлемнің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан экономикаларымен салыстыруға болады», — деді ведомство басшысы.

Шикізаттық емес экспорт 2 есе $41 млрд ұлғаяды. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық көрсеткіштер картасы Ұлттық жоспардың міндеттерін іске асырудағы прогрестің көрсеткіші болады. Карта жауапты мемлекеттік органдарды бекіте отырып, салалар, өңірлер бойынша құрылымдалған үш бағыт бойынша 41 көрсеткіштен тұрады. Ұлттық жоспарды іс жүзінде іске асырудың нәтижесі 2025 жылға қарай экономиканың өсуін 5%-тен асатын деңгейде қамтамасыз ету болмақ.

Журналистердің елдің мемлекеттік қарызы туралы сұрақтарына жауап бере отырып, Ә. Ерғалиев бүгінде мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30%-ын құрайтынын айтты. 

«Рейтинг агенттіктерінің үлкен үштігі еліміздің фискалдық-бюджеттік саясатының тұрақтылығын бағалап, мемлекеттік қарыздың төмен деңгейін атап өтті. Егер басқа елдермен, Еуроодақпен салыстыратын болсақ, онда оларда қарыз деңгейі шамамен 80%, ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда – шамамен 100%», — деп жауап берді ұлттық экономика министрі.

Оның айтуынша, қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар шамамен 900 млрд теңгені құрайды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.