Қазақстан Еуразиялық одақ елдерінің мемлекеттік сатып алуларындағы кедергілерді жүйелі түрде төмендетеді

22 мамырда онлайн режимде өткен Еуропалық экономикалық комиссия кеңесінде қатысушылар қазақстандық тараптың бастамасымен Одаққа мүше елдердің мемлекеттік сатып алулары үшін қолжетімді тауарлар тізбесін одан әрі кеңейтуді бірауыздан қолдады. Еліміздің делегациясын Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.

ЕАЭО елдерінің жеткізушілері мен өндірушілері басқа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына жекелеген ұлттық талаптарсыз қатыса алатын тауарлар тізбесі сегіз позицияға кеңейді. Оған дезинфекциялық құралдар, сұйық диэлектрлі трансформаторлар және басқа да тауарлар кірді.

Қазақстанда Еуразиялық одақ периметрі елдерінен кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуларына қол жеткізудегі кедергілерді кезең-кезеңімен жою бойынша жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Осы жылдың қаңтар айында қазақстандық тараптың бастамасымен ЕЭК Кеңесінде жекелеген ұлттық талаптарсыз сатып алуға қолжетімді 55 қосымша тауардың өндіріс шарттары бекітілді.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесі ЕЭК мүшелері мен оның қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауды жетілдіруге, ішкі рәсімдерді, Одақ елдерінің біріне тұрақты тұруға келген шетелдік азаматтардың көлік құралдарын бажсыз әкелу құқығын жақсартуға бағытталған бірқатар рәсімдік құжаттар қаралып, шешімдер қабылданды. 

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысын 23 маусымда өткізу туралы шешім қабылданды.

#Сауда #Серік Жұманғарин #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу