03 Қазан 2026, 17:16

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның оныншы отырысына қатысуға арнайы келген Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Н. Номтойбайармен кездесті.
Кездесу барысында Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан мен Моңғолияның стратегиялық серіктестігі практикалық ынтымақтастықты кеңейту және үкіметаралық тұрақты диалогті қолдау үшін сенімді негіз болып отырғанын атап өтті.
«Біз маңызды сауда серіктесіміз Моңғолиямен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ерекше назар аударамыз», — деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.
Ол өзара сауда көлемін одан әрі арттырудың және мемлекет басшыларының екіжақты сауда көлемін бес есе ұлғайту туралы келісіміне қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Биыл сәуір айында Моңғолия Президенті У. Хурэлсухтың Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асыру қажеттігі айтылды.
Тараптар сауда, энергетика, атом, цифрлық, қаржы, мәдени-гуманитарлық салалардағы жоғары деңгейдегі негізгі уағдаластықтарды ілгерілету үшін екі Үкіметтің күш-жігерін жандандыру қажеттігіне келісті.
Әріптестіктің айтарлықтай әлеуеті ауыл шаруашылығы мен тау-кен секторында, кен орындарын барлау мен игеру, минералдық шикізаттарды өңдеу жобаларында шоғырланғанын атап өтті.
Бұл ретте тараптар тауар айналымы өсуінің басты шарттарының бірі саналатын елдер арасындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығына да назар аударды.
Тараптар биылғы маусым айынан бастап қос ел астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылғанын атап өтіп, қосымша әуе бағыттарын іске қосу мүмкіндігін талқылады.
Кездесу соңында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға және бірлескен жобаларды ілгерілету жөнінде белсенді жұмыс істеуге келісті.
#Көлік #Нұрлыбек Нәлібаев #Президенттің тапсырмасы #Сауда-экономикалық ынтымақтастық #Халықаралық ынтымақтастық #Энергетика #ҚаржыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу