26 Тамыз 2026, 20:35
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесу өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунның келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды. Цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу саласындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ білім беру саласындағы бірлескен бастамаларға назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар экономикалық әріптестіктің оң динамикасын атап өтті. Былтыр екіжақты сауда көлемі $1 млрд-қа жақындады, осы жылдың алты айында тауар айналымы $777 млн-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайды. 2025 жылы Сингапурдан тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны екі есеге артып, шамамен $1,5 млрд құрады.
Сонымен қатар, екіжақты сауданы одан әрі әртараптандырудың, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асырудың кең ауқымды әлеуеті айқындалды. Ынтымақтастық үшін перспективалы бағыттардың ішінде агроөнеркәсіп және көлік-логистикалық кешендері, цифрландыру және жасанды интеллект салалары атап өтілді.
«Цифрлық трансформация – Қазақстанның стратегиялық басымдығы. Осы жылды Президент Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Біздің еліміз БҰҰ-ның онлайн-қызметтер индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді. Бүгінде Қазақстан алдағы үш жыл ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізу арқылы толық цифрлық экономиканы құру мақсатын көздейтін дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Біздің елдердің үкіметтері бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста және бизнеске одан да көп бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін серіктестік құруға ұмтылуда. Екі ел экономикасында инвестициялар көлемі ұлғаюда, қос мемлекет арасындағы сауда көрсеткіштері өсуде, бұл оның көлемін арттыра түсу үшін негіз қалайды. Біз Қазақстандағы өзгерістер мен өсу мүмкіндіктерін көріп отырмыз, біздің қарым-қатынасымыз одан әрі алға жылжу үшін үлкен әлеуетке ие», — деп атап өтті Ли Сянь Лун.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі нығайтуға және қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға дайындық расталды.
Келесі құжаттарға қол қойылды:
Келісімдер Сингапурдың тәжірибесімен алмасуды, қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ көлік және сауда экожүйелерін, су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуді, соның ішінде Орта дәліздің әлеуетін толық ашуға бағытталған шараларды көздейді.




Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу