Қазақстан мен Вьетнам Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды

2023 жылғы 21 тамызда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Вьетнам Социалистік Республикасының өндірістік және сауда министрі Нгуен Хонг Зиен 2023-2025 жылдарға арналған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспарына қол қойды.

Құжат сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, атап айтқанда, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын арттыруға, стандарттау жөніндегі арнайы экономикалық аймақтар мен ведомстволар саласындағы өзара іс-қимылға, вьетнамдық ауыл шаруашылығы технологияларының трансфертіне, Алматы мен Хошимин, Ақтау және Дананг арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құруға бағытталған.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында $610,9 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе жоғары ($174,7 млн).

Қазақстаннан Вьетнамға экспорт 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында 4,7 есеге өсіп, $116,6 млн құрады.

#Сауда #Серік Жұманғарин #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу