Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады - ҚР БҒМ

Сейсенбі, 14 Шілде 2020, 15:31:29

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы баяндады. 

А. Аймағамбетов атап өткендей, педагогтер мен оқушылардың коронавирус инфекциясы мен жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары. Мәселен, тек ЖРВИ-мен жыл сайын оқушылардың 70%-ына дейін ауырады. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі балалар үшін мектептерді ашуға әлі ерте деп санайды және төртінші тоқсандағы тәжірибені қайталауды  — қашықтан оқыту форматын жалғастыруды ұсынды. 

«Бірінші. Шалғайдағы ауылдардағы шағын жинақты мектептерді ескермегенде, 1 қыркүйекте оқу жылын еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптар үшін қашықтан оқыту форматында бастау. Екінші. Бастауыш сыныптардың оқушыларының ата-анасының өтініші бойынша тиісті мүмкіндіктерге қарай отырып, қатаң санитарлық шараларды сақтаумен кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру», — деді министр.

Бұл бастауыш сыныптардың оқушыларының жас ерекшеліктеріне, өз бетінше білім алу және өзін өзі тәртіпке салу дағдыларының қалыптаса бастауына байланысты. Бірақ мұндай жағдайда мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілетін болады. 

«Балалар тек бір кабинетте оқиды, үзілістері әр түрлі уақытта болады, кіре берісте дене қызуын өлшеуді ұйымдастыратын боламыз, ауаны тазарту, кварцтау және ылғалды тазалау режимі күшейтіледі. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау үшін оқытуды ауысымдарға және бала саны 10-15 баладан аспайтын шағын топтарға бөлу, мектепте оқыту күндерінің кезегі жасалады. Сонымен қатар, бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі, десек те, қашықтан оқытылатын болады», — деді БҒМ басшысы. 

Үшінші. Шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерде штаттық форматта оқыту мүмкіндігі ұсынылады. Бұл жалпы оқушылар санының 4% құрайды.  Осы критерийге сәйкес келетін барлығы 127 мың бала контингентімен 1934  мектеп анықталды. 

Министр қашықтан оқытудың тек жаңа оқу жылының басталуына қатысты шешім екенін атап айтты. 

«Төртінші. Алдағы уақытта бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты мектептердің кезең-кезеңмен аралас оқыту және штаттық форматта оқыту жүргізілетін болады», — деді ол.

Бесінші. Үйде оқытудың ең осал топтары — ерекше білім беруді қажет ететін балалар және табысы төмен отбасылардың балалары, бастауыш сыныптардың оқушылары болғандықтан, осы санаттағы балаларға инклюзивті және қолжетімді білім беру қамтамасыз етілетін болады.  

Асхат Аймағамбетов сонымен қатар білім саласының жаңа оқу жылына қандай дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанына тоқталды. БҒМ мәліметі бойынша, әзірлік барысында 35 мың компьютер сатып алынған. Жергілікті атқарушы органдар мектептерді, мұғалімдерді және оқушыларды компьютерлермен және интернетке қосылумен қамтамасыз етуі тиіс. 

Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша педагогтердің және оқушылардың ұсыныстары бойынша БҒМ интернет-платформаларды жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бірінші және екінші тоқсандағы пәндер бойынша оқу материалдары дайын. Онлайн оқыту үшін әкімдіктер әр мектепте стриминг мүмкіндігі бар интернет-платформаға қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.   

Сонымен қатар контенттік қамтамасыз ету және телесабақтарды дайындау бойынша ауқымды жұмыстар ұйымдастырылды. 

«Педагогтерді оқыту үшін 5 модуль бойынша АТ-құзыреттілік дамыту, киберпедагогика және әдіснаманы оқытуға бағытталған онлайн-курстар әзірленді. Онлайн-курстардың басталуы педагогтердің 20 шілдеден еңбек демалысынан шығуына байланысты, 350 мыңға жуық педагог осы курстарда оқытылады», — деді А. Аймағамбетов.

Жаңа оқу жылын колледждер де қашықтан оқыту режимінде бастайды. Дәстүрлі формат жеке кесте бойынша өндірістік оқытуды және кәсіби практиканы ұйымдастыру кезеңінде көбіне бірінші және бітіруші курстардың білім алушылары үшін, сондай-ақ шалғайда орналасқан колледждерде аз контингент болса, санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. 

ЭЫДҰ және Дүниежүзілік банктің сарапшыларының мәліметі бойынша Covid-19 пандемиясы барлық әлемде көптеген оқушылардың білім алуда айтарлықтай қиындықтарға тап болуына әкелген. Covid-19 індетінің білім саласына кері ықпалы ел экономикасына ұзақ уақыт бойы әсер етуі мүмкін. Сондықтан білім алуда болып жатқан осы әсерінің орнын толтыру үшін қосымша шаралар әзірленді. Төртінші тоқсан нәтижесі бойынша зерттеулер жүргізіліп, сарапшылармен талқыланып, ата-аналар қауымының, қоғамның пікірі ескерілді. Сонымен қатар шетел тәжірибесі зерделенді.  

«Білім беру саласындағы уәкілетті орган ретінде Білім және ғылым министрлігі бір жағынан сапалы білім беруді қамтамасыз етуі керек болса, екінші жағынан балалар мен педагогтердің арасында вирустың таралу қаупін болдырмау үшін барынша іс-әрекет жасауы қажет екенін түсінеміз. Жалпы, жаңа оқу жылына дайындық бойынша іс-шаралар кешенді түрде жалғастырылатын болады», — деп түйіндеді министр.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 10:02
Үкімет ШОБ-ты қолдау шараларын қарады 
04 Мамыр 2021, 09:45
Халықты вакциналау қарқынын арттыру қажет — А. Мамин
03 Мамыр 2021, 14:57
4 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
02 Мамыр 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №110
01 Мамыр 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
30 Сәуір 2021, 18:35
АМСК көрсету, дәрігерлердің жалақысын арттыру және COVID-19-ға қарсы күрес — А. Цой Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы айтты
30 Сәуір 2021, 16:36
Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
30 Сәуір 2021, 15:16
ЕАЭО пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде — А. Мамин
30 Сәуір 2021, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №220 Қаулысы
30 Сәуір 2021, 12:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №213 Қаулысы
29 Сәуір 2021, 11:53
Роман Скляр орман-дала өрттерінің алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша тапсырмалар берді
29 Сәуір 2021, 10:30
Әкім лауазымына кандидатураны ауыл тұрғындарының өздері ұсына алады — Ә. Әбдіқадыров 
28 Сәуір 2021, 23:21
Қазақстан мен Ресей 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын қабылдады
28 Сәуір 2021, 18:19
Мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады
28 Сәуір 2021, 18:19
А. Мамин «Arcelor Mittal» басшысы Л. Митталмен кездесті
27 Сәуір 2021, 23:18
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады
27 Сәуір 2021, 23:14
Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Шындалиев Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды
27 Сәуір 2021, 20:34
Мемлекет басшысы бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
27 Сәуір 2021, 18:39
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.