Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты

Бейсенбі, 04 Наурыз 2021, 20:54:21

Видео конференция форматында өткен жиынға Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Хасан Рухани, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хади Сулейманпур қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің басында бауырлас түрік халқына және Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға пандемияға қарсы күресте елімізге көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы осынау қиын-қыстау кезеңде елдеріміз жаһандық деңгейдегі өзара көмек пен қолдаудың қаншалықты маңызды екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгенін атап өтті.

Президент баяндамасында пандемияның экономикаға тигізген кері әсерін еңсеруге баса мән берді.

«Қажетті қаржымен қамтамасыз етілген Дағдарысқа қарсы кешенді жоспарды іске асырудың арқасында Қазақстан пандемияның теріс әсерін барынша азайта алды. Тіпті құрылыс, ауыл шаруашылығы және өндіріс секілді салаларда өсімге қол жеткіздік. Биыл біз ішкі жалпы өнім 3 пайыздан астам өседі деп жоспарлап отырмыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен ықпалдастық Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, ұйым аясындағы өзара іс-қимылдың негізі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және мәдени бағыттардағы ірі жобалар болуы керек. Қытаймен бірлесіп қолға алынған Транскаспий халықаралық көлік бағыты – сондай болашағы зор жобалардың бірі. Атап айтқанда, 2019 жылдың қараша айында Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия және Түркияны байланыстыратын Сиань-Ыстамбұл-Прага бағыты бойынша контейнерлік пойызы жүре бастады. Былтыр сәуір айында Сиань-Измир бағытындағы бірінші контейнерлік құрам жүріп өтті. Ол 7000 шақырым қашықтықты 16 күнде еңсерді.

«Бұл – өзара ықпалдастығымыздың жақсы үлгісі. Дегенмен орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін әлі де көп іс атқаруымыз керек. Биыл біз Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жол бағытының толық іске қосылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Басқа да жаңа бағыттар пысықталуда. Түркістан мен Ташкент арасындағы жоғары жылдамдыққа арналған темір жол Қазақстанның да, Өзбекстанның да туристік әлеуетін арттырады деп күтілуде. Бұл жол уақытты екі сағатқа дейін қысқартуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды жеңілдетіп, әлеуметтік қатынастарды жақсартуға мүмкіндік береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент өз сөзінде Қазақстанның Ауғанстандағы инфрақұрылымдық жобаларға қатысып жатқаны туралы мәлімдеді. Қазақстан ресейлік және өзбекстандық серіктестерімен бірлесіп, Мазари-Шариф – Кветта және Мазари-Шариф – Пешавар бағыттарында темір жол салып жатыр. Ауғанстанмен арадағы екіжақты сауда-саттықтың өсімі былтыр 55 пайыз болған.

Бұл өңір үшін тағы бір маңызды басымдық – азық-түлік қауіпсіздігі. Президент Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ауыл шаруашылығы саласына қатысты барлық бастамаларын қолдайтынын айтып, мүше-мемлекеттерді Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына (IOFS) қосылуға шақырды. Аталған ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

«Біз дистрибьюторлық және логистикалық көтерме орталықтарының ұлттық желісін құру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Азық-түлік қауіпсіздігі мен оның қол жетімділігі – ортақ проблема. Сондықтан тиімді логистика құру үшін күш жұмылдырудың маңызы зор деп санаймыз. Қазақстан мен Өзбекстан шекарада Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық орталығын ашады», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласының әлеуетін арттыру мәселесіне де тоқталды. Бұл сала пандемияға қарамастан, ынтымақтастықтың перспективті бағыттарының бірі болып қала береді.

«Қазақстан туристік саланың үлесін 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 8 пайызына дейін жеткізуді көздеп отыр. Біз Орталық Азия елдері мен күллі түркі әлемі үшін қасиетті саналатын Түркістан қаласын белсенді дамытып жатырмыз. Тек 2020 жылдың өзінде қаланың инфрақұрылымына, Түркістанның туризмі мен логистикасына құйылған ішкі инвестиция шамамен 1 миллиард долларды құрады. Түркістан Қазақстанның ТОП-10 туристік бағытына кірді. Бұл сіздердің елдеріңіздің инвесторлары мен туристері үшін тартымды өңір болмақ», — деді Президент.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы да Қазақстанға келетін шетелдік инвестицияға «тартылыс орталығы» бола алатынын атап өтті. Бәсекеге қабілетті тарифтер, жоғары білікті жұмыс күші және мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің басқа да көптеген мүмкіндіктері арқылы елге түрік компаниялары тартылды. Олар Қазақстанда жаңа ауруханалардың құрылысына және оларды жоғары технологиялы медициналық құралдармен жабдықтауға атсалысуда.

«Түркияның Rönesans Holding компаниясы Қазақстанның жеті қаласында өз емханаларының құрылысын бастамақшы. Сондай-ақ біз Қазақ ұлттық онкология және радиология институтымен бірлесе отырып, биыл Алматы қаласында Томотерапия орталығын іске қосуды жоспарлап отырған Orhun Medical компаниясының жұмысына сәттілік тілейміз. Түрік компанияларымен ынтымақтастық жалғаса беретініне сенімдімін. Сонымен қатар біз Қазақстанның денсаулық сақтау саласына инвестиция құю үшін басқа да қатысушы-мемлекеттердегі серіктестерімізді шақыруға ниеттіміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады. Оның айтуынша, Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде ЭЫҰ мен АӨСШК-нің экономика саласындағы ынтымақтастығын дамытуға қолдау көрсетуге әзір. Аталған құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылдарды көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы, энергетика, туризм, цифрлық технологиялар және басқа да салалар бойынша дамытуға болады.

«Ортақ мүдделерді көздеген, бірлескен жобаларды нақты жүзеге асыруға негізделген жан-жақты ынтымақтастық қазіргі сын-қатерлерге төтеп беріп, ертеңгі күнге дайын болуға мүмкіндік жасайды деген ниеттеміз. Біз ұйымға үлкен үміт артамыз», — деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға Экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығының сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.


Жаңалықтар тізбегі
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
30 Наурыз 2021, 13:48
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.03.2021
30 Наурыз 2021, 13:42
СҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары өңір экономикасының өсу қарқынын ұлғайтады және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.