28 Желтоқсан 2023, 20:36
«24KZ» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстары туралы айтты.
«Қазіргі жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін тартымды болып қала береді. Біздің еліміз Орталық Азия аймағындағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны бойынша көшбасшы болып табылады. Былтыр ол 18%-ға өсіп, $28 млрд-қа жетті. Бұл Қазақстан үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш болды», — деді ол.
Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта ел экономикасына $13,3 млрд тартылса, жыл соңына дейін шамамен $27 млрд болады деп күтілуде, бұл да – айтарлықтай жоғары көрсеткіш.
«Бұл көбінесе күрделі геосаяси шиеленіс жағдайында көптеген ықпалды ойыншылармен қарым-қатынасты дәйекті түрде нығайтып келе жатқан Президентіміздің сындарлы дипломатиясының арқасында мүмкін болды. Бұл – Қытай, Еуропа, Ресей, АҚШ, Түркия, араб әлемі және т.б. елдер», — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Үкімет инвестициялық белсенділік деңгейін сақтап тұру үшін қажетті шараларды қабылдауда. Атап айтқанда, жалпы құны 32 трлн теңгеден асатын 1000-ға жуық жобадан тұратын жалпыұлттық пул құрылды.
«Біз оларды жүйелі түрде жүзеге асырып жатырмыз», — деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ Үкіметте Инвестициялық штаб жұмыс істейді, оған таяуда ғана Президенттің тапсырмасымен арнайы өкілеттіктер берілді. Енді онда қабылданған шешімдер орындауға міндетті болып табылады.
#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-министрі #Инвестициялар #Президенттің тапсырмасы #Сұқбат«Инвестицияларды тарту бойынша барлық деңгейдегі басшылардың тікелей жауапкершілігі күшейтілді. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды прокурорлық қолдаудың арқасында бюрократиялық кедергілер барынша азайтылды. Мұның барлығы инвестициялық жобалардың жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу