Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ

Сейсенбі, 04 Мамыр 2021, 11:47:35

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналаудың қазіргі жағдайы мен барысы туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, әлемде COVID-19 бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітім жағдайы әлі де күрделі. Бүгінгі күні әлемде КВИ-дің 153 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 600 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3 млн астам адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші –  2,1 %.

«Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 107-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 108-орында тұр. Қазақстанда 4 мамырдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 330 071 науқас және КВИ- нәтижесімен 53 093 жағдай тіркелді», — деді А. Цой.

Жоғары эпидемиологиялық қатер аймағында 9 аймақ бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Өткен аптада Павлодар және Жамбыл облыстары қызыл аймаққа өтті. 

Бүгінгі таңда орта эпидемиологиялық қатер аймағында 5 өңір бар: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары.

3 өңірдің «жасыл» аймағында: Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Соңғы үш апта ішінде сырқаттанушылық динамикасы іс жүзінде бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада сырқаттанушылықтың 2%-ға төмендегені байқалады, өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр.

Ағымдағы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 42% (15 517 төсек-орын), реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 28% (962 төсек-орын) құрайды.

Инфекциялық төсек-орындардың жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында — 60%, Алматы қаласында — 57%, Қызылорда облысында — 59%, Алматы облысында — 56%, реанимациялық төсек-орындардың жоғары жүктемесі Нұр-Сұлтан қаласында және Батыс Қазақстан облысында 62%-дан, Алматы қаласында — 52% байқалады.

Бүгінгі таңда ҚР-да вакциналау үшін үш вакцина қолжетімді. Бұл Спутник V, QazVac және Hayat-Vax вакциналары. Шамамен 1,5 млн адам немесе вакциналауға жататын халықтың 15% егілді. Вакцина алу қарқыны әр азаматтың туыстары мен жақындарының денсаулығына қамқорлық танытудағы саналы көзқарасына байланысты.

Вакцинаны жеткізу жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, ақпан айынан бастап сәуір айының соңына 2,3 млн доза вакцина жеткізілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 20%-ына қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Вакцина өндірушілермен келіссөздер тұрақты негізде жалғасуда.

«Вакциналау қарқынды жүріп жатқанын атап өткім келеді, мысалы, 1 сәуірмен салыстырғанда бірінші және екінші дозасын алғандар тәулігіне 12 есе, яғни тәулігіне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін өсті. Бұл ретте 11 мың медицина қызметкері, 1000-нан астам стационарлық егу пункттері және 400 жылжымалы пункт жұмылдырылды. Вакциналау пункттері 2 ауысымда сағат 24.00-ге дейін және демалыс күндері жұмыс істейді», — деді ведомство басшысы. 

Вакциналау науқаны басталған сәттен бастап Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцинаның 1,8 млн-ға жуық дозасы қолданылды.

Сонымен қатар, өңірлердің әкімдері қазір ауыл тұрғындарын вакциналауға назар аударуы қажет, осы мақсатта жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін барынша белсенді пайдалану қажет.

Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерін қайта қарады, оның ішінде ашық аспан астында қызмет ететін нысандар үшін, спорттық іс-шаралар өткізуде, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметінде уақыт бойынша бірқатар шектеулерді алып тастау,  жеңілдіктер беру бар.

Критерийлерге жаңа нысандар енгізіліп, олардың қызмет ету тәртібі анықталды: жазғы алаңдар, асханалар, стрит-фудтар және т. б. сияқты қоғамдық тамақтану объектілері.

  • «Қызыл аймақтағы» супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмысына уақыт бойынша шектеулер алынып тасталды және жексенбі күндері ашық базарлардың жұмысына рұқсат етіледі.
  • «Қызыл аймақта» және «сары аймақта» діни объектілердің ашық аспан астында, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей (қолданыстағы редакциясында - ұжымдық іс-шаралар өткізбей) жұмыс істеуіне рұқсат етілді; «жасыл аймақта» мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (үй-жайда) жұмыс уақыты сағат 7.00-ден 02.00 дейін, толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес болғанда, ұлғайтылды.
  • «Жасыл аймақтағы» компьютерлік клубтардың, боулингтердің қызметі — толымдылығы 30%-дан аспайтын (қолданыстағы редакциясында – «Ashyq» пилотына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыс істеуге рұқсат, толымдылығы 75%-дан аспайтын, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін); «Сары аймақта» көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат, толымдылығы – 15%-дан аспайтын (қолданыстағы редакциясында – тыйым салынады). 
  • «Жасыл аймақта» облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар кезінде толымдылығы 15 адамнан 25 адамға дейін арттырылды.  
  • Критерийлерге қосымша жаңа объектілер енгізілді және олардың қызмет тәртібі анықталды:
  • жазғы алаңдарда — «қызыл аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 9-дан 20.00 дейін; «сары аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 7-ден 24.00 дейін; «жасыл аймақта»: толымдылығы 50%-ға дейін, сағат 7-ден 2.00 дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандарында — «қызыл аймақта: сағат 24.00-ге дейін; «сары аймақта» және «жасыл аймақта» аймақта: тәулік бойы;
  • ашық аспан астындағы стрит-фудтар, аттракциондар қызметі. 

А. Цойдың айтуынша, КВИ-ға қарсы вакциналанғандар санының біртіндеп артуына және ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты КВИ-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен адамдар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды.

Сонымен, COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен жағдайда ауруханаға жатқызудың кез-келген түрінде, ұйымдасқан ұжымдарға барғанда, вахта жұмысшыларына, демалыстан, іссапардан кейін медициналық қызметкерлерге, ауырып қалуына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық ЖОО-лар мен колледждердің студенттеріне және т.б. ПТР тесті қажет емес.

CОVID-19 расталған жағдайда олармен байланыста болғандар оқшауланбайды, бірақ медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі; кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыспайды.

Сондай-ақ, 26 сәуірден «Ashyq» бағдарламасы барлық өңірлерде қолданыла бастады, 3 мыңға жуық қатысушы, 650 мың пайдаланушы тіркелді, шамамен 900 КВИ науқас және олармен байланыста болған 700 тұлға анықталды.

«Күн сайын тәулігіне 400 мыңға дейін жағдай тіркеліп отырған Үндістандағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, Үндістан аумағында таралған штаммның әкелінуінің алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылданды. Мәселен, Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барған адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға анықтамасының және COVID-19-ға қарсы вакциналануына қарамастан, 14 күнге үйде оқшаулануы (үй карантині) тиіс», — деп түйіндеді А. Цой. 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев бүгінгі таңда облыс қызыл аймақта екенін хабарлады.

«Соңғы аптада аурудың 1067 жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Өткен аптамен салыстырғанда ауру көрсеткішінің 20,5%-ға төмендегендігі байқалады. Ауруға шалдыққандарды барынша анықтау мақсатында ПТР зерттеулер саны көбейтілді. Облыстағы 13 зертханада тәулігіне 2 мыңнан астам зерттеу жасалады», — деді БҚО әкімі.

Облыс аумағындағы жағдайға байланысты карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Мейрам күндері елді мекендердегі тұрғындардың облыс орталығына келуін азайту мақсатында Орал қаласында және қызыл аймақтардағы 6 ауданда 1 мамырдан бастап 21 блок-бекет орнатылды.

Аталған блок-бекеттердің жұмысы STOPCOVID.KZ сайты және «109» телефон байланысы арқылы толықтай автоматтандырылған. Бұл шаралар облыс орталығына қатынайтын тұрғындардың санын 35%-ға дейін азайтып, адам көп жиналатын шараларды өткізудің алдын алуға мүмкіндік берді.

Мониторингтік топтар күнделікті рейдтерін жалғастыруда. 1 сәуірден бері мониторингтік топ мүшелері 665 рет рейдке шығып, 3,5 мыңнан астам нысанды тексерді. 12 мейрамхананың жұмысы 3 айға тоқтатылды. Соңғы аптада 1,9 млн теңгеге 34 хаттама толтырылды. 

Ғ. Есқалиев мәлім еткендей, бүгінгі таңда «Ashуq» мобильді қосымшасын енгізуге кәсіпкерлік субъектілерінен 125 өтінім келіп түсіп, соның ішінде 33-і тестілік режимнен өтті, қалғаны апталық оқытудан өтуде.

Тұрғындарды вакциналау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Өңірге келген 84 700 вакцинаның компоненті бойынша 45 205 адам, ал II компоненті бойынша 14 593 адам екпе қабылдады. 

18 жұқпалы аурулар стационары жұмыс істейді, жұқпалы аурулар төсек-орындарының толығуы 50% құрайды. Реанимациялық төсек-орындардың толығуы 51% құрайды. Қосымша 1 400-ден астам  резервтік төсек-орын дайындалды. 

«422 млн теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тұрақтандыру қорының қажетті нормативі қамтамасыз етілді. Облыстың дәріхана желілері мен медициналық ұйымдарында екі айлық дәрілік қор қалыптастырылды», — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі. 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өткен аптада облыста КВИ-дың 932 жағдайы тіркелгенін айтты, өткен тәулікте 125 жағдай тіркелген.

Денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме байқалмайды. Инфекциялық төсек-орындардың жүктелуі 35%-ға жетпейді, ал реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі қолда бар резервтен 17% құрайды. ӨЖЖ аппараттарына 13 пациент қосылған.

«Оттегі жабдықтарының және басқа да жабдықтардың, медициналық персоналдың қажетті саны бар. Алғашқы буынның жұмысы күшейтілді: емханалар жанында 175 мобильді бригада жұмыс істейді. Стационарларда 45 күндік препараттар резерві бар. ПТР-диагностикасын жүргізетін 6 зертхана жұмыс істейді», — деді Павлодар облысының әкімі. 

Вакциналау бойынша. Бүгінде вакцинаның І компонентін 51 076 адам, II компонентін 13 982 адам алды. Өткен аптада күніне 5 600-ге жуық тұрғын вакциналанды. 

Облыс бойынша барлығы 135 вакциналау пункті бар, оның ішінде 17 – медициналық мекемелерден тыс; 37 көшпелі бригада жұмыс істейді, олар еңбек ұжымдарының шақыруы бойынша вакцина жасайды; жылжымалы медициналық кешендер де жұмыс істейді.

«КВИ таралу қарқыны бойынша облыс қазір «қызыл аймақта». Кешеден бері өңірде күшейтілген карантиндік шаралар енгізілді. Облысаралық және облысішілік тасымалдардың көпшілігі тоқтатылды, ұжым қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді, қоғамдық тамақтану және сауда объектілеріне баруға уақытша және сандық шектеулер және басқа да шаралар енгізілді. «Ashyq» жобасының қатысушылары, қазір облыс бойынша 100-ге жуық бизнес субъектісі үшін ғана рұқсат етілді», — деді Ә. Сқақов.  

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №246 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №239 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 11:47
Қазақстанда 1,5 млн жуық адам немесе вакциналауға жататын тұрғындардың 15% вакцина алды — ҚР ДСМ
04 Мамыр 2021, 11:32
Ержан Мейрамов ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 10:02
Үкімет ШОБ-ты қолдау шараларын қарады 
04 Мамыр 2021, 09:45
Халықты вакциналау қарқынын арттыру қажет — А. Мамин
03 Мамыр 2021, 14:57
4 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
02 Мамыр 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №110
01 Мамыр 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
30 Сәуір 2021, 18:35
АМСК көрсету, дәрігерлердің жалақысын арттыру және COVID-19-ға қарсы күрес — А. Цой Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы айтты
30 Сәуір 2021, 16:36
Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты
30 Сәуір 2021, 15:16
ЕАЭО пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде — А. Мамин
30 Сәуір 2021, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №220 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.