Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда бейбіт мақсаттағы атом мен сутегі энергетикасын дамыту бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу көзделген — Н. Ноғаев

Бейсенбі, 02 Қыркүйек 2021, 12:15:23

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Энергетика саласындағы тапсырмаларды орындау бойынша алдағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады.

Министрдің айтуынша, электр энергиясын тұтынудың өсуін және елдің энергия теңгеріміндегі баламалы және жаңартылатын энергия түрлерінің үлесін ескере отырып, маневрлік қуаттарды дамыту республиканың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылады.

«Осыған байланысты, Министрлік генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салу тетігін іске асыру шеңберінде Түркістан облысы мен Қызылорда, Алматы қалаларындағы алаңдар бойынша 2021 жылғы желтоқсанға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу кестесін жариялады», — деді Н. Ноғаев.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Алматы қаласының экологиясын жақсарту шеңберінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қуат нарығы шеңберінде 600 МВт дейінгі бу-газ қондырғысын сала отырып, Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру, сондай-ақ қуаты 250 МВт дейінгі бу-газ қондырғысын салу арқылы Алматыдағы ЖЭО-1-ді жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыратын болады.

Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша 2026 жылға қарай елдің оңтүстігінде жалпы инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден астам шамамен 2300 МВт қуатты іске қосу күтілуде.

Бұл ретте, министрдің айтуынша, оңтүстік өңірлердің қолданыстағы газ инфрақұрылымы болашақ жобаларды қажетті отын көлемімен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы қажет.

«Мемлекет басшысы атап өткен жобаларды табысты іске асыру үшін “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ “ҚазТрансГаз” АҚ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлердің экономикасы мен халқының газға деген қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ энергетика жобаларын іске асыру үшін қосымша инфрақұрылым салу мәселесін пысықтауды бастауы қажет», — деді Н. Ноғаев.

Басымдықтар қатарында жаңартылатын энергия көздерін дамыту

Соңғы жылдары Үкімет әлемдік тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ ЖЭК-ты дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік саясатты белсенді жүргізу жолымен ЖЭК секторындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша елеулі қадамдар жасады.

«Қазіргі уақытта республикада белгіленген қуаты 1898 МВт болатын 123 ЖЭК нысаны бар. 2025 жылға қарай белгіленген қуаты 4 400 МВт болатын шамамен 182 ЖЭК нысаны іске қосылатын болады, бұл ЖЭК үлесінің 6%-ға тең жоспарлы нысаналы индикаторының орындалуын қамтамасыз етеді»,— деді Н. Ноғаев.

Аталған жобаларды іске асыру шеңберінде шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылып, қосымша 6 млрд кВт/сағ жасыл энергия өндіру және 20 000 уақытша және 1 000 тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланған.

ЖЭК үлесін 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайту жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін Министрлік мынадай жұмыстарды жүргізетін болады. Атап айтқанда:

- ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты жыл сайын өткізу;

- ЖЭК нарығына қатысушыларға қойылатын техникалық талаптар енгізу;

- ГЭС дамыту жоспарын орындау;

- Ірі жобалармен жұмыс;

- Халық пен шағын және орта бизнес арасында шағын көлемді ЖЭК тетігін жетілдіру жобаларын іске асыру көзделген.

Газбен жабдықтау жағдайын жақсарту мақсатында 3 жобаны іске асыру жоспарлануда

Министрдің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 3 газ жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Бірінші жоба – Қашаған кен орнында жылына 1 млрд текше метр шикі газды қайта өңдеу қуаты бар газ өңдеу зауытын салу.

Қазіргі уақытта алаңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобаны іске асыру 2041 жылға дейінгі кезеңде қосымша 8-10 млн тонна мұнай өндіруге, сондай-ақ жылына 800 млн текше метрге дейін тауарлық газ өндіруге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

«Жалпы алғанда, есептеулер республика үшін де, Қашаған кен орнының мердігер компаниялары үшін де газ өңдеу зауытын салудың жоғары экономикалық тиімділігін көрсетіп отыр», — деді Н. Ноғаев.

Сонымен қатар бүгінгі таңда «Мақат – Солтүстік Кавказ» және «Окарем – Бейнеу» магистральдық газ құбырлары Қазақстанның батыс өңірлеріндегі тұтынушыларды газбен жабдықтауды қамтамасыз етуде.

«Бұл газ құбырлары кеңес заманында бір желілік бағытта салынған, өзінің пайдалану ресурсын өтеп болды және диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша олардың көптеген ақаулары бар», — деді Н. Ноғаев.

Осыған байланысты, оның айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлердің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігі үшін газдың қосымша көлемін тасымалдау мақсатында «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбырының лупингін және «Бейнеу – Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу жоспарланған.

Жалпы, қазіргі уақытта барлық 3 газ жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және іске асырудың практикалық бөлігі, оның ішінде жоғарыда көрсетілген жобаларды қаржыландыруға байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Министрлік бейбіт мақсаттағы атом мен сутегі энергетикасын дамыту бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді жоспарлап отыр

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Министрлік «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, бейбіт мақсаттағы атомды дамытуға байланысты мәселелерді зерделейтін болады.

Атом саласында білікті кадрларды даярлау саласында Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, атом саласының мамандықтары бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында студенттерді оқытуға гранттар мен стипендиялар бөлу жөнінде жұмыс жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасын дамыту мақсатында Энергетика министрлігі сутегі энергетикасын дамытудың негізгі тәсілдерін айқындайтын болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2021, 09:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №130
25 Қыркүйек 2021, 13:01
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.