Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда биыл 18 млн тонна астық жинау жоспарланған

Сейсенбі, 25 Тамыз 2020, 10:40:30

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды.

Егін жинау науқанының басталуы туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.

Қазіргі уақытта барлық өңірлер жаппай егін жинауға кірісті.

Биыл 22,7 млн га жерге егін егілді, бұл 2019 жылғы деңгейден 439 мың га  жерге артық. Дәнді дақылдар 15,9 млн га (оның ішінде бидай – 12,1 млн га), майлы дақылдар 2,9 млн га, мақта 125,8 мың га, қант қызылшасы 20,9 мың га, көкөніс-бақша өнімдері және картоп 457,4 мың га, жемшөп дақылдары 3,3 млн га алқапқа егілді.

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынының қажетті көлемі — 395 мың тонна (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға — шамамен 147 теңге/литр) анықталды. Республикада 145 мың трактор, 75 мың трактор тіркемесі, 38 мың астық жинау комбайны, 15 мың дестелегіш, 39 мың жүк автомобилі бар.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ республикалық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлді, олар 3,4 млн га егіс алқаптарын қамти отырып, толығымен АӨК-тің 2400 субъектісіне берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 100 млрд теңге бөлінді, сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық түрде сатып алды.

«Үкімет тарапынан егін жинау жұмыстарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдер қабылданды. Жалпы алғанда, қабылданған шаралардың есебінен осы жылы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде (2019 жылға қарағанда 3,4% өсім) жоспарланып отыр. Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады», — деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы астық жинауды сапалы әрі уақытылы жүргізу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар жиналған өнімді уақытылы қабылдау және тиісті сақтау жағдайларын ерекше бақылау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.