17 Ақпан 2026, 19:45

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі тәсілдер қаралды. Жиында KazFoodProduckts компаниясының бас директоры Әлихан Талғатбек пен шыны өндіретін OrdaGlass компаниясының өкілі Ғалымжан Қуатов та баяндама жасады.
KazFoodProduckts бас директоры Әлихан Талғатбек Үкімет отырысында компанияның агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті әртараптандыру бойынша табысты тәжірибесі туралы айтып берді. KazFoodProduckts компаниясы 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жұмыс істемейтін «Биохим» зауытын сатып алған. Қысқа мерзім ішінде ауқымды жаңғырту жүргізіліп, технологиялық процестер қалпына келтіріліп, кәсіпорынның іске қосылған. «KazFoodProducts» компаниясы 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы тоқтап тұрған «Биохим» зауытын сатып алды. Қысқа мерзім ішінде ауқымды жаңғырту жүргізіліп, технологиялық процестер қалпына келтіріліп, кәсіпорын іске қосылды. Қазіргі таңда біз жыл сайын 300 мың тонна астықты жоғары қайта өңделген өнімдер: крахмал, бидай глютенін және биоэтанол өңдіреміз. Соның нәтижесінде жай ғана астық экспорттаумен салыстырғанда анағұрлым жоғары қосылған құн қалыптасуда.
«Нәтижесінде өндірілетін биоэтанол Еуропа елдеріне экспортталады, ал глютен бізге алыс шетел нарықтарын, оның ішінде АҚШ пен Жапонияны ашты. Өз кезегінде крахмал бойынша біз ТМД және Азия елдеріне негізгі жеткізушілердің біріне айналдық. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» және америкалық серіктестермен бірлесіп ТМД аумағындағы экологиялық таза автомобиль және авиациялық отын (SAF) өндіретін алғашқы зауыт құрылысы жобасын жүзеге асыру басталды. Зауыттың қуаты 50 мың тонна отынды құрайды, инвестиция көлемі шамамен $200 млн-ды құрайды. Іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Сонымен бірге біздің экожүйеге «ЕМС Агро» ЖШС ет комбинаты кіреді. 2025 жылы ет және ет өнімдерін өндіру көлемі 10 мың тоннадан асты. Бұдан бөлек, біз Қазақстандағы «Баян Сұлу» брендімен кондитерлік өнімдердің ірі өндірушісіміз. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында өндірісті жаңғырту және өнім желісін кеңейту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында жылына 20 000 тонна бисквит өнімдерін шығаратын жаңа цех іске қосылады», — деді KazFoodProduckts бас директоры Әлихан Талғатбек.
Кәсіпорын өткен жылы Жетісу облысындағы «АқсуҚант» ЖШС қант зауытын сатып алып, жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жоспар бойынша 2028 жылға қарай отандық шикізат есебінен қант өндірісін үш есеге арттырып, жылына 75 мың тоннаға жеткізу көзделуде. Мал шаруашылығын дамыту жоспарының қабылдануын ескере отырып, Венгрияның UBM компаниясымен бірлесіп Қазақстандағы алғашқы премикстер мен жемдік қоспалар өндіретін зауыт құрылысы жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба заманауи технологияларды жергіліктендіруге, импортқа тәуелділікті төмендетуге, жемшөп базасының сапасын арттыруға және мал шаруашылығының тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. IFC және ADM халықаралық серіктестерімен бірге Қостанай облысында тәулігіне 1200 тонна астықты терең өңдейтін Qostanai Grain Industry зауыты жобасын жүзеге асыру басталды, соңғы өнімдердің бірі – күрделі аминқышқылдары. Кәсіпорындарда 5 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания жаңа жобаларға, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға, цифрландыруға және операциялық тиімділікті арттыруға жүйелі түрде инвестиция салады. Сондай-ақ АӨК секторының дамуына Үкімет пен «Бәйтерек» холдингінің қолдауы елеулі әрі сөзсіз оң әсер етіп отыр.
«Солтүстік Қазақстан облысының 2,5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру ұсыну тәжірибесін тарату бағдарламасының оң нәтижесін ерекше атап өткім келеді. Осы тетік арқылы компаниямыз 10 жыл мерзімге 2,5 млрд теңге көлемінде несие тартып, Алматы облысындағы «АзияАгроФуд» АҚ кәсіпорнында крахмал-сірне өндірісінің қуатын кеңейтіп, терең өңделген өнім көлемін арттыруға мүмкіндік алды. Бағдарлама өңдеу саласына инвестицияларды ынталандыру құралы ретінде өзінің тиімділігін көрсетті және жобаның ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етті. Аталған қолдау тетігін жалғастырып, ауқымын кеңейту орынды деп санаймыз. Банктер балансында тұрған және тиімсіз пайдаланылып отырған, соның ішінде инфрақұрылымдық нысандарды нарықтық айналымға тарту мәселесін қарастырудың маңыздылығын тағы да атап өтеміз. Бұрын жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды қалпына келтіру бойынша біздің компанияның практикалық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта компания Жетісу облысы Үштөбе қаласындағы 7 жылдан астам уақыт бойы тоқтап тұрған қалақұраушы астық өңдеу комбинатын сатып алды. Актив жұмыс істемейтін жағдайда алынған, бүгінде барлық қарыздары толық өтелді. 2026–2027 жылдары «Үштөбе» агрокешенін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда, жоба тәулігіне 2 500 тонна жем және 400 тонна соя шроты өндірісін, толық өндірістік цикл қалыптастыруды көздейді», — деді KazFoodProduckts бас директоры Әлихан Талғатбек.
Мемлекеттік саясат пен жеке инвестициялардың синергиясы тұрақты өсімді қамтамасыз етіп, жоғары қосылған құны бар экспортқа бағдарланған АӨК моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар KazFoodProduckts бас директоры көктемгі егіс жұмыстарын жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру түріндегі көрсетілген қолдауды да атап өтті. Уақтылы алынған айналым қаражатының нәтижесінде сапалы тұқымдар мен қажетті агрохимиялық ресурстар дер кезінде сатып алынып, агротехнологиялардың сақталуы және егіс науқанының оңтайлы мерзімде жүргізілуі қамтамасыз етілді. Бұл жоғары өнім алуға мүмкіндік беріп, қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету арқылы да оң әсерін тигізді. Сондай-ақ KazFoodProduckts бас директоры осы бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін кредиттеу мерзімін 12 айдан 24 айға дейін ұлғайтуды ұсынды.
Соңғы үш жылда 500 мың тоннаға жуық өнім өндіріліп, көрсеткіш 12,9%-ға артты
Шыны өндіретін OrdaGlass компаниясының өкілі Ғалымжан Қуатов кәсіпорын республикадағы табақша шыны өндіретін жалғыз зауыт екенін атап өтті. Қытайдың ірі халықаралық холдингі – China Glass Holdings Limited 2022 жылы табақша шыны өндіретін зауытты іске қосты. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы – 197 мың 100 тонна, инвестиция көлемі – 42 млрд теңге. Зауытта 347 адам жұмыс істейді, оның 292-сі – жергілікті тұрғындар. Өндірісте жергілікті жоғары сапалы кварц құмы пайдаланылады. Кәсіпорында түссіз және түсті шыны өндіріледі. Өнімдер құрылыс, жиһаз және декоративтік салаларда кеңінен қолданылады. 2024 жылы жылдық қуаттылығы 5 млн шаршы метр, құны 6 млрд 700 млн теңгені құрайтын энергия үнемдейтін шыны желісі іске қосылды. Бұл өнім қыста жылуды сақтап, жазда күн радиациясын төмендетеді және жылыту шығындарын 20%-дан астам қысқартуға мүмкіндік береді.
Атап өту қажет, сұраныстың артуына байланысты өндірілген өнім көлемі жыл сайын ұлғаюда. Соңғы 3 жылда 500 мың тоннаға жуық өнім өндіріліп, көрсеткіш 12,9%-ға артты. Сонымен қатар зауыт өнімі импорт алмастыруға өз үлесін қосуда. 2023 жылы импорт алмастыру үлесі 32,4% болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 50,2%-ды құрады. Зауыт өнімінің 70%-ы ішкі нарыққа бағытталып, 30%-ы экспортқа шығарылуда. Атап айтқанда, өнімдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь елдеріне жеткізілуде. Сондай-ақ Еуропалық Одақ лицензиясына сәйкес өнімдер Польша, Эстония, Латвия және Швейцария нарықтарына да экспортталуда.
«Нәтижесінде, экспортталған өнім көлемі 2023 жылы 72 мың тонна болса, 2025 жылы 95 мың тоннаға жетті. Қазіргі таңда шыны өндірісі тек дәстүрлі бағытпен шектелмей, инновациялық және жоғары технологиялық жаңа өнімдерге бет бұруда. Биыл құны 2 млрд 400 млн теңгені құрайтын, жылына 300 мың шаршы метр шыңдалған және триплекс, сондай-ақ шыны пакеттерін өндіретін жаңа зауытты іске қосу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде, шыны кластерін әрі қарай дамыту, құрылыс нарығын терең өңделген дайын өніммен қамтамасыз ету және импорт алмастыру көлемін ұлғайту күтілуде. Үкімет тарапынан зауыттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында жүйелі қолдау көрсетіп келеді», — деді OrdaGlass компаниясының өкілі Ғалымжан Қуатов.
Оның айтуынша шыны зауытының жаңа бағытта дамуы – заман талабы. Алдағы уақытта да Orda Glass компаниясы өндірістік әлеуетін кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыратын болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу