Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда Фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасы қабылданады

Сәрсенбі, 19 Тамыз 2020, 14:50:17

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібінің даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

ҚР фармацевтика саласындағы ахуал мен даму перспективасы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, денсаулық сақтау вице-министрі Л. Бюрабекова, «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Е. Есқалиев, «Химфарм» АҚ директоры А. Исенова, «Super-pharm» ЖШС басшысы Қ. Қаймолдаев, Медициналық бұйымдарды өндірушілер қауымдастығының төрайымы Г. Мұхамеджанова баяндады.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша пандемия кезінде фармацевтика кәсіпорындарының өндіріс көлемі 23,2%-ға, 70,2 млрд теңгеге дейін артты. Салада 96 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 33-і – дәрі-дәрмектер бойынша, 41-і – медициналық бұйымдар бойынша, 22-сі – медициналық техника бойынша. Индустрияландыру картасы аясында 5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен инвестиция сомасы 62,9 млрд теңге болатын 41 жоба пайдалануға берілді. Қазақстанның фармацевтика индустриясының «өсу нүктелері» Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы және Қарағанды облыстарында болып отыр.

«Қазақстанның фармацевтика индустриясының даму әлеуеті зор. Басты міндет – жеткілікті қоры мен номенклатурасын кеңейтуді қамтамасыз ету арқылы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісіне серпін беру. Еліміздің халқы үшін сапалы медициналық өнімдер қолжетімді болуы тиіс», — деді А. Мамин.

Отандық фармацевтика өндірісін одан әрі дамыту мақсатында Үкімет басшысы индустрия министрлігіне бизнес қауымдастығының пікірін ескерумен Фармацевтика саласын дамыту бағдарламасын әзірлеп, оның жобасын биылғы қыркүйек айында ұсынуды тапсырды. 

Премьер-Министр отандық дәрі-дәрмектер нарығында халыққа қолжетімділік пен сапаны, ал бизнес үшін тиімділікті қамтамасыз ететін оңтайлы бағалар белгіленуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар медициналық маскалар мен басқа да жеке қорғаныш құралдарын өндіру стандарттарын бекітуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне «СҚ-Фармациямен» бірлесіп, медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектердің болуын жоспарлау тетіктерін қайта қарау, дәрі-дәрмектерді тіркеу талаптарын оңтайландыру, отандық өндірушілер үшін сатып алу көлемін болжау жүйесін енгізу тапсырылды.

Үкімет басшысы отандық дәрі-дәрмектердің сыртқы нарықтарға жедел шығуын қамтамасыз ету, жаңа дәрілерді тіркеу кезіндегі кедергілерді барынша азайту қажеттігін атап өтті.

А. Мамин жұмыс сапары аясында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ға барып, «Қарағанды – Теміртау» автомобиль жолының көлік айрығын қарады, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» иммунобиологиялық және биофармацевтикалық препараттарды өндіру кәсіпорнының, «Линде Газ Қазақстан» техникалық және медициналық газдарды шығару зауытының, «Аманат» дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және қызмет көрсету жөніндегі логистикалық кешеннің жұмысымен танысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.