09 Қыркүйек 2025, 19:19

ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру аясында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында медициналық ұйымдардың құрылысы, реконструкциясы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда, жоба шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны көзделген, бұл ретте 540 нысан құрылысы аяқталды, жыл соңына дейін қалған 115 нысан пайдалануға беріледі.
«Барлық жоба тиісті қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Ұлттық жоба шеңберінде жүргізіліп жатқан аудандық ауруханалардың модернизациясы 2026 жылы да жалғасады», — деді Ақмарал Әлназарова.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша перинаталдық орталықтар құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 12 жоба бар, қазіргі таңда Астана қаласында перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде және осы жылы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Темірлан ауылында перинаталдық орталықтардың құрылысын бастау жоспарлануда.
Сонымен қатар биыл жыл соңына дейін Риддер қаласындағы көп бейінді аурухананың, Өскемен қаласындағы гематология орталығының және Ақтау қаласындағы жедел жәрдем станциясының құрылысын аяқтау жоспарланған.
Мемлекет басшысының фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізбесіне сәйкес өмірлік маңызы бар 285 дәрілік заттың (ДЗ) Қазақстанда 107 дәрілік заттар (37%) өндіріледі. Болашақта қалған 178 қажетті ДЗ (63%) өндірісін оқшаулау бойынша шаралары қабылданады, бұл елдің дәрілік қауіпсіздігінің тұрақты базалық деңгейін қамтамасыз етеді.
Фармацевтика өнеркәсібін жүйелі дамыту үшін осы жылдың соңына дейін орта мерзімді кезеңге арналған Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары әзірленіп, бекітіледі.
Президенттің жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізудің жаңа жүйесін құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдірудің кешенді жоспарын әзірлейді.
Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне жасанды интеллект, медициналық ұйымдардың лицензиядан кейінгі және аккредиттеуден кейінгі мониторингі енгізіледі. Заңнамалық деңгейде медициналық қызметке лицензия мерзімін енгізу мәселесі пысықталады. Аталған іс-шаралар медициналық көмектің сапасы мен көлемін сараптаудың ашықтығы мен шынайы болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында дәрігерлердің мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын арттыру бөлігінде Министрлік облыс әкімдеріне «Отбасы банкпен» бірлесіп 2026 жылы, әсіресе, кадр тапшылығы өте жоғары өңірлерде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұсынады.
Сонымен қатар «Қазақтелекоммен» бірлесіп, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қаматмасыз етү мақсатында, 2100 жедел жәрдем бригадаларымен 8900 жуық патронаждық медбикелер видеожетонмен және 644 стационардың қабылдау бөлмелері видеобақылаумен қамтамсыз етіледі.
#Денсаулық сақтау #Үкімет отырысы«Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау үшін жан-жақты шаралар қабылданады», — деп түйіндеді сөзін Ақмарал Әлназарова.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу