Қазақстанда халықтың интернет сапасын бақылауына арналған сервис іске қосылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Есекеев, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Елнар Адайбеков, сондай-ақ «Beeline Қазақстан» бас атқарушы директоры Евгений Настрадин халықты кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Б. Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта барлық қалалар және 4 500-ден астам ауыл әр түрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жылдың соңына дейін жалпы 5200-ден астам елді мекенге интернет жеткізіледі.

Интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылуда.

Бірінші жоба — бұл МЖӘ тетігі арқылы оптикалық интернетті тарту. Жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға оптикалық желі тартылса, биыл 1000-ға жуық ауыл қосылуда. Бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс жеткізілді.

Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA технологиясы бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді. Қазіргі уақытта 72-сі мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Бұл жобаның орындалуы үшін операторлар төлейтін арнайы салық төлемдері төмендетілуде. Тиісті нормалар Мәжілістің екінші қарастыруынан өтті. Жоба аясында операторлар «Шеринг» шартына қол қойып, бір бірінің базалық станцияларын пайдалана алады.

Сондай-ақ мобильді байланыстың базалық станцияларын оптикаға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы екі жобада шектелмей, операторлар оптиканы ауыл үйлеріне тартуда. Мысалы, жеке инвесторлар «Транстелекоммен» біргіп, Жамбыл облысында 50 ауылда 10 мыңнан астам үйге тіркелген интернетті тартуда. 

Сондай-ақ Б. Мусин қазіргі уақытта адамдардың радиофобтық қорқуы бар екенін атап өтті. Мысалы, Family Village кешенінде 2-3 тұрғынының арызы бойынша базалық станция алынып, интернетке қолжетімділік тоқтатылды. Одан кейін жақын жерден қайтадан байланыс операторы базалық станцияны орнатуға мәжбүр болды.

 Бірақта, бүгінгі таңда интернет газ, электр энергиясы, су сияқты бірінші қажеттілікке айналды. Сол себептен біз біраз заңнамалық өзгерістер жасаудамыз, бұлар:

  1. кондоминимумдерге байланыс объектілерін алып тастауға тыйым салу;
  2. жаңа үйлерге пайдалануға беру алдында міндетті түрде оптика желісімен қамтамасыз ету; 
  3. интернеттің жылдамдығына сапалы талаптар орнату;
  4. оптикалық трансмиссияға кіші операторларға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Жалпы мемлекеттік органның рөлін күшейтетін боламыз.

Интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін Bailanys.bar сервисі іске қосылды. Қазіргі уақытта 50 мыңнан астам адам қолданды.

Сонымен қатар мемлекеттік бақылау мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынуда. Соның нәтижесінде, халықтық және мемлекеттік бақылаудың деректері бір жүйеге жиналып, әрі қарай операторлармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боламыз.

Оқу жылының басынан онлайн оқуға арналған арнайы «Білім» тарифі ашылды. 

600 отандық білім беру ресурстарына лимитсіз қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақыттағы бұл тариф арқылы өткен құнсыз трафик көлемі 118 мың Гб құрайды.

Қазіргі уақытта министірлік ауылдарда телефония және пошталық қызметтерді субсидияландырады.Бұдан әрі қаражаттар интернет қызметтерін субсидияландыруға этап бойынша бағытталады. Соның нәтижесінде бұл ауылдарда ауыл адамдарына заманауи қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Транзиттік потенциалды дамыту шеңберінде Транстелеком және Азертелеком компаниялары Каспий теңізінің түбі бойынша секундына 4-6 терабит жылдамдықты желісін құрастыруда. Бұл жоба 2021 жылдың соңына жоспарланған.

5G ұялы байланыс стандартын еңгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тестілік сынақ жүргізілді. Керекті жиілік диапазондары босатылды. Ары қарай операторларға тарату механизмі қарастырылады.

Сонымен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы іске қосылады. Ал облыстық орталықтарда 2025 жылға дейін жоспарланып отыр.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Есекеев ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша жобаны іске асыру туралы айтып берді.

«Қазақтелеком» 2018 жылы ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыра бастады. Жобаны іске асыру нәтижесінде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жалпы ұзындығы 14 мың 514 км құрайды және 828 ауылда 2 мың 496 мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар кең жолақты Интернетке қосылады, қазіргі уақытта жобаның 90% жуық жүзеге асырылды.

«Мемлекеттік органдардың негізгі бөлігі интернет ала бастады. Сонымен қатар біз интернетті қосатын ауылдық елді мекендерге 4G технологиялары қатар келеді, оларды мемлекеттік органдардың абоненттері ғана емес, ауылдық елді мекендер де байланыс сапасын сезінуі керек», — деді Қ. Есекеев.

Талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша ең үлкен жұмыс Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында жүргізілуде. Құрылысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жоба басталғалы бері 12 388 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды, нәтижесінде еліміздің 697 ауылында 2 103 мемлекеттік органға жоғары жылдамдықты Интернетке кең жолақты қол жетімділік қамтамасыз етілді. 

Қазіргі уақытта 250+ жобасына сәйкес, «Қазақтелеком» тобына кіретін ұялы байланыс операторлары — «Мобайл Телеком-Сервис» және «Кселл» – 60 базалық станциясын іске қосты, сонымен қатар еліміздің түрлі аймақтарында 194 «мұнарасын» салып жатыр.

Үш байланыс операторы арасында шартқа қол қойылды, жалпы халқы 600 мыңнан асатын 928 ауылды мобильді КЖҚ-мен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Кселл 183 базалық станцияның құрылысын жүргізуде, олардың 125-і жаңа. 54 базалық станция іске қосылды, оның ішінде 3 жаңа, 51 қолданыстағы 2G сайттарын жаңарту. Tele2 эфирге 6 базалық станцияны іске қосты, 233 базалық станция бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде, 125 базалық станция бойынша жобалар әзірленді, 11 нысан бойынша құрылыс басталды.

FWA (Fixed Wireless Access) технологиясын енгізу үшін барлық қажетті жұмыстар жүргізілді. Есептеулерге сәйкес жыл соңына дейін жоспарланған 296 АЕМ-нің 196-сы қамтылады.

«Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы Елнар Адайбеков интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті дамыту туралы баяндады. Оның айтуынша, 2018 жылы «Транстелеком» АҚ МЖӘ шартына қол қойды, оған сәйкес 429 ауылдық елді мекенді қосу, 6 мың км ТОБЖ салу және 1 222 әлеуметтік объектіні интернет желісіне қол жеткізумен қамтамасыз ету қажет болды. Келісімшартқа сәйкес 1 шілдеге дейінгі мерзімде барлық міндеттемелер орындалды, әрбір нысан қосылды.

«Осы желіні құрып, біз өз инвестициямызға осы ауылдық елді мекендерді және осы облыстардың тұрғындарын интернет желісіне қосуды бастадық», — деді Е. Адайбеков.

Бүгінгі таңда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында 1 000-нан астам абонентті интернет желісіне қосу жұмыстары басталды. 40 мыңға дейін абонент радиорелейлік технологияға қосылуы мүмкін.

Бұдан өзге «Каспий теңізінің түбі арқылы Қазақстан – Әзербайжан бағыты бойынша ТОБЖ салу, иелену және пайдалану» жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұзындығы 380-400 км теңіз түбімен салынған кабель жобаны іске асырудың 1 жылы ішінде ҚР арқылы 1 Тbps-ке дейін трафик алуға мүмкіндік береді. Жобаны техникалық іске асыру 2021 жылдың көктеміне жоспарланған. 2021-2022 жылдары бұл жобаны аяқтау жоспарлануда.

«Beeline Қазақстан» АҚ бас атқарушы директоры Евгений Настрадин «250+» ауылдық елді мекендеріне байланыс қызметтерін ұсыну бойынша ЦДИАӨМ мен байланыс операторлары арасындағы әріптестік туралы меморандумды іске асыру мәртебесі туралы баяндады.

«Іс жүзінде шарттық жұмыс аяқталу сатысында тұр. Тараптар барлық корпоративтік мақұлдауды алды. Тұжырымдарды аяқтау жүріп жатыр. Алдағы күндері – қазан айында қол қоюды жоспарлап отырмыз», — деді Е. Настрадин.

Сонымен қатар ол осы шарттың техникалық және ұйымдастырушылық бірегейлігіне назар аударды. Қазақстанда алғаш рет осындай шартқа қол қойылды. Келісім барлық дерлік ұялы байланыс операторларын біріктіреді. Құрылыс инфрақұрылымдық орталықтардан алыс орналасқан шалғай өңірлерде жүргізілуде.

Beeline аймағы — бұл 299 елді мекен. Іс жүзінде бүгінде 32-сі эфирде — қамту және құрылыс жұмыстары аяқталды. FWA CPE технологиясы қосылуы тиіс 119 ауылдық елді мекеннің 4-інде қазірдің өзінде технологияны тестілеу жүріп жатыр.

«Сонымен қатар биыл 1 млн 220 мың тұрғыны бар 550 ауылдық елді мекен Beeline-ның LTE технологиясымен қамтылды. Жалпы, Beeline 3,5 мың базалық станцияны іске қосты. 145 ауылдық елді мекен биыл мобильді интернетке қосылды», — деді Е. Настрадин.

Сондай-ақ Е. Настрадин 2019 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында Шымкентте өткен 5G пилотының нәтижелерімен бөлісті.

«Желінің бір элементі салынды. Барлық 4 технология, 4 пайдалану сценарийі сыналды. Тестілеу нәтижесінде біз жылдамдыққа, кідіріске қатысты 5G желісінің технологиялық параметрлеріне қол жеткіздік. Жалпы алғанда, айтқымыз келгені, Beeline осы стандартты дамытуға қатысуға дайын және осы стандартты реттеу және жиіліктерді бөлу қажет», — деді ол.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу