Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк

Сәрсенбі, 12 Мамыр 2021, 12:38:15

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы қаралды.  2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі ӘЭД қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады. 

Биылғы жылғы сәуірде пандемияның жалғасып жатқан үшінші толқыны мен жаңа жұқтыру жағдайларының рекордтық санына қарамастан, әлемдік экономиканың қалпына келуі жалғасты. 

Е. Досаевтың айтуынша, $4 трлн-ға АҚШ экономикасын қолдау жөніндегі жаңа жоспарды жариялау, биылғы жылғы 1-ші тоқсанда АҚШ ЖІӨ өсу қарқынын 6,4%-ға дейін жеделдету және компаниялардың күшті корпоративтік есептілігі аясында дамыған елдердің қор нарықтарының өсуі жалғасты. Биылғы жылғы сәуірде S&P 500 индексі 5,2%, Dow Jones – 2,7%, NASDAQ – 5,9% қосты. 

Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы нәтижесінде биылғы жылғы сәуірде Еуроодақта қалпына келу қызмет көрсету секторының қайта өсуі аясындағы күтуден асып түсті. Еуроаймақтың PMI осы жылғы сәуірде 53,8-ге жетті.

Өндірістің өсуі, сұраныс және қызмет көрсету саласының озық қалпына келуі аясында биылғы жылғы сәуірде экономикалық белсенділіктің жаһандық индексі 11 жылдық ең жоғары көрсеткіш – 56,3 тармаққа жетті. Индекске ең көп үлес қосқан елдер – АҚШ, Ұлыбритания және Австралия. Жапонияда экономикалық белсенділіктің әлсіз өсуі байқалды, ал Бразилияда және Үндістанда короновируспен аурулардың өсуі себебінен көрсеткіштің төмендеуі тіркелді. Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі екі ай қатарынан өсу аймағында сақталуда. Биылғы жылғы сәуірде ол қызмет көрсету және өнеркәсіп секторында қалпына келудің жалғасуына байланысты 50,5 тармақ болды. 

Әлемдік тауар нарықтарындағы бағаның өсуі дамыған елдерде фискалдық және ақша-кредиттік ынталандырумен бірге инфляция мен инфляциялық күтулердің өсуін қамтамасыз етті. 

«Соңғы жылы АҚШ ФРЖ, ЕОБ және Жапония Банкін қоса алғанда, 6 негізгі әлемдік орталық банктің жиынтық балансы $15 трлн-нан $25 трлн-ға дейін өсті және тарихи рекордтарды жаңартып, өсуді жалғастыруда», — деді Е. Досаев. 

БҰҰ ФАО деректері бойынша азық-түлік бағасының индексі қатарынан 11 ай бойы өсіп келеді және биылғы жылғы сәуірде 120,9 тармаққа жетті, бұл қант, сондай-ақ өсімдік майы, ет, астық және сүт өнімдері бағасының өсуі нәтижесінде 2014 жылғы мамырдан бастап ең жоғары мән болып табылады. Биылғы жылғы сәуірде негізгі астық тауарларының биржалық баға белгілеуі бойынша Bloomberg Grains индексі 8 жылғы ең жоғары көрсеткіш – 8%-ға артты.

Шикізат тауарларына бағаның өсуіне және дамушы елдер валюталарының құнсыздануына байланысты инфляция дамушы елдерде күткеннен жоғары қалыптасуда, бұл орталық банктерді бейтарап монетарлық саясатқа көшуді бастауға мәжбүр етеді.

Биылғы жылдың басынан бастап дамушы елдердің бірқатар орталық банктері – Бразилияда, Түркияда және Ресейде пайыздық ставкаларды көтерді. Биылғы жылғы сәуірде Ресейдің Орталық Банкі тағы да негізгі ставканы 5%-ға дейін 50 базалық тармаққа көтерді. 

Биылғы жылғы сәуірде Қазақстанда инфляция азық-түлік инфляциясының баяулауы және азық-түлікке жатпайтын және сервистік компоненттердің жеделдеуі кезінде өткен айдағы 7,0% деңгейінде сақталды.

Іскерлік белсенділіктің жандануы, халық кірістерінің қалпына келуі және импорттың өсуі аясында азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,6%-дан 6,4%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ай сайынғы өсуі 2017 жылғы қазан айынан бастап ең жоғары мәнді көрсетеді. Киім-кешек пен аяқ киімге бағаның өсу қарқыны жылдық мәнде 5,5%-ға дейін жеделдеді. Сонымен бірге мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтерінің артуы нәтижесінде ішкі ұсыныстың төмендеуі аясында биылғы жылдың басынан бастап бензин бағасының 11,6%-ға өсуі байқалады.

Ақылы қызметтер инфляциясы реттелетін коммуналдық қызметтер санатында өткен жылдың төмен базасы есебінен кетуге байланысты сондай-ақ жекелеген нарықтық қызметтердің қымбаттауына байланысты 3,7%-дан 4,1%-ға дейін жеделдеді.

Биылғы жылғы 27 сәуірде Ұлттық Банк азық-түлік тауарларына сыртқы бағалардың өсуіне, сауда әріптес елдердегі инфляцияның жеделдеуіне байланысты проинфляциялық факторлардың сақталу аясында +/-1,0 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 9% деңгейінде базалық ставканы сақтау туралы шешім қабылдады. 

Әлемде COVID-19 жағдайларының ұлғаюына байланысты теріс тәуекел-сентимент дамушы нарықтардың, оның ішінде ҚР валюталары мен нарықтарына қысым көрсетуді жалғастыруда. Биылғы жылғы сәуірде бейрезиденттер ҚР мемлекеттік бағалы қағаздардағы позицияларын  $248 млн-ға қысқартты.

Биылғы жылғы сәуірде бейрезиденттердің инвестицияларының қысқаруы және сыртқы нарықтардағы құбылмалылық аясында теңге бағамы $1 үшін 429,02 теңгеге дейін 1%-ға әлсіреді. 

Нәтижесінде шетел капиталының ЕМ елдерінен нетто-әкетілуі және мұнай бағасының құбылмалылығы теңгенің айырбастау бағамына әсер етуді жалғастыруда. Биылғы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 427,22 теңге деңгейінде қалыптасты. 

Тауарлар экспортының 19,9%-ға немесе $2,9 млрд төмендеуі және импорт ағынының  $7,6 млрд дейін 4,8%-ға немесе $0,4 млрд өсуіне байланысты биылғы жылғы 1-тоқсанда төлем балансының ағымдағы шоты (-) $1,2 млрд дефицитпен қалыптасты. 

«Тауарлар импорты азық-түлікке жатпайтын тұтынушылық және инвестициялық тауарларды әкелудің ұлғаюы есебінен іскерлік белсенділіктің қалпына келуі және кейінге қалдырылған ішкі сұраныс аясында өсті. Автомобильдер, киім-кешек және компьютерлер сияқты тауарларды әкелуде барынша көп өсу байқалады. Тауарлардың осы топтары бойынша өсу 2020 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда $458 млн құрады», — деді Е. Досаев..

Ұлттық қордың активтері биылғы жылғы сәуірдің аяғында бір айда $530 млн ұлғайып, $57,6 млрд құрады.

Биылғы жылғы сәуірде 333 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін $788 млн сатылды.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі биылғы жылғы сәуірде $1,1 млрд немесе 2% болды, бұл ретте акциялар портфелінің өсуі $734 млн, облигациялар портфелінің өсуі $278 млн және алтынның өсуі $106 млн құрады.

Биылғы жылдың басынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық кірісі, негізінен биылғы жылғы сәуірде облигациялар нарығындағы қалпына келуі және акциялар нарығындағы өсуі арқасында $940 млн немесе 1,7% құрады. 

Алтынвалюта резервтері биылғы жылғы сәуірдің аяғында бір айда $689 млн. ұлғайып, $34,2 млрд құрады. 

Бағаның бір унция үшін $1685-дан $1769 дейін 5%-ға қалпына келуі аясында алтын портфелінің $1,3 млрд өсуі еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің төмендеуін өтеді. Ағымдағы жылғы мамырда алтын бағасы өсуін жалғастыра отырып, 11 мамырға бір унциясына $1841 құрады.

Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер биылғы жылғы сәуірде $635, оның ішінде клиенттердің Ұлттық Банктегі депозиттері көлемінің $472 млн төмендеу және $88 млн мемлекеттік қарызды төлеу есебінен төмендеді.

Осылайша, жалпы халықаралық резервтер биылғы жылғы сәуірде $1,2 млрд артып, $91,8 млрд құрады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері халықтың қаражатты мерзімінен бұрын алуына байланысты жыл басынан бастап 0,3 трлн теңгеге немесе 12,6 трлн теңгеге дейін 2,3%-ға төмендеді. 

Е. Досаевтың айтуынша, биылғы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 488,5 млрд теңге болды. Биылғы жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша инфляция 2,7% болған кезде 3,8% мөлшеріндегі кірістілік қамтамасыз етілді. Нақты кірістілік инвестициялық қызмет, сондай-ақ зейнетақы активтерін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді.

Биылғы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштерінің саны 1,3 трлн теңге сомасына 266,8 мың болды. Бұл ретте зейнетақы аударымдарын ай сайынғы алу көлемінің төмендеуі байқалады: биылғы жылғы ақпанда 643,4 млрд теңге, наурызда 302,1 млрд теңге, сәуірде 283,0 млрд теңге. 

Тұрғын үй мәселелерін шешуге алынған жинақтардың 99,4%-ы бағытталды. Емделуге 4,7 млрд теңге пайдаланылды, 1 478 азаматтың 3,4 млрд теңге сомасындағы зейнетақы жинақтары 4 басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға берілді.

Өңірлер бөлінісінде Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне барлық алынған жинақтар көлемінің 58,4%-ы тиесілі.

Банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 23,4 трлн теңгеге дейін 5,8%-ға, оның ішінде ұлттық валютада – 6,5%-ға немесе 14,8 трлн теңгеге дейін 896,1 млрд теңгеге, шетел валютасында – 4,8%-ға немесе 8,6 трлн теңгеге дейін 392,5 млрд теңгеге ұлғайды. 

Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2021 жылғы наурызда 36,9% деңгейінде қалыптасты. 

2021 жылғы қаңтар-наурызда заңды тұлғалардың салымдары 11,9 трлн теңгеге дейін 5,3%-ға, жеке тұлғалар салымдары 11,5 трлн теңгеге дейін 6,4%-ға ұлғайды. 

Кредиттік портфель осы жылдың басынан бастап 1,2%-ға немесе 169,6 млрд теңгеге ұлғайып, биылғы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 14,8 трлн теңгені құрады. 

Экономиканың нақты секторына кредиттік ресурстардың құны өткен жылғы наурыздағы 12,5%-бен салыстырғанда 11,5%-ға дейін төмендеді. 

Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.

  • «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биылғы жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге 1,18 трлн теңгеге
  • 1 507 өтінім келіп түсті, 785,2 млрд теңге сомасына 961 жоба мақұлданды.
  • Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша биылғы жылғы 6 мамырда кәсіпкерлер 755,3 млрд теңгеге 3 031 өтінім берді, оның ішінде 596,8 млрд теңгеге 2 205 өтінім мақұлданды, 837,5 млрд теңгеге 8 272 қарыз берілді, оның ішінде 265,2 млрд теңгеге 3 606 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді.
  • «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2021 жылғы 6 мамырда 709,3 млрд теңгеге 59 070 өтінім келіп түсті, 416,9 млрд теңгеге 34 573 өтінім мақұлданды.
  • «Баспана хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша 2021 жылғы 6 мамырда 1,2 трлн теңгеге 127 578 өтінім келіп түсті, 651,6 млрд теңгеге 69 099 өтінім мақұлданды.

Биылғы жылғы 5 мамырда Ұлттық Банк цифрлық валюта шешетін міндеттерді, оларды шығару және тарату әдісін, қолданылатын технологияны, ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметтері нарығына әсерін анықтай отырып, жария талқылау үшін және артықшылықтар мен тәуекелдерді жан-жақты зерттеу үшін «Цифрлық теңге» баяндамасын жариялады. 

Баяндамада цифрлық валютаның технологиялық және экономикалық сипаты, Ұлттық Банктің цифрлық теңгені зерттеу және енгізу тәсілдері, ықтимал әсерлерді алдын ала бағалау, сондай-ақ пилоттық жобаның сипаттамасы мәселелері қамтылған.

Енгізудің ықтимал әсерлерін зерттеу нәтижелері, пилоттық жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау бойынша цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және Жол картасы әзірленетін болады. Пилоттық жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асырылатын болады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:37
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қыркүйек 2021, 09:44
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №128
10 Қыркүйек 2021, 22:55
Республикалық штабта Алматыдағы КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қаралды
10 Қыркүйек 2021, 17:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №620 Қаулысы
10 Қыркүйек 2021, 16:56
Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Қордай ауданына барды
10 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевті таныстырды 
10 Қыркүйек 2021, 11:55
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм — Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсуі барлық салаларда байқалады
10 Қыркүйек 2021, 08:50
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
09 Қыркүйек 2021, 18:29
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа энергетика министрі М. Мырзағалиевті таныстырды
09 Қыркүйек 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №612 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №609 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №608 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 17:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №607 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №600 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №595 Қаулысы
09 Қыркүйек 2021, 16:41
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру: Үкіметтік делегация Шымкент қаласының денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралады
09 Қыркүйек 2021, 15:40
А. Мамин Ақмола облысындағы астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау барысын тексерді
08 Қыркүйек 2021, 12:41
Қазақстандағы медициналық сақтандыру, эпидемияға қарсы іс-шаралар және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды
07 Қыркүйек 2021, 19:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Маңғыстау облысының жаңа әкімі Н. Ноғаевты таныстырды
07 Қыркүйек 2021, 16:23
Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:19
Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды
07 Қыркүйек 2021, 16:10
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты
07 Қыркүйек 2021, 11:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 07.09.2021
07 Қыркүйек 2021, 11:28
Үкімет шектеу қойылған кепілдіктегі активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы заң жобасын әзірлеп жатыр — Ә. Ерғалиев
07 Қыркүйек 2021, 11:24
Инфляцияға қарсы реттеу: Үкімет азық-түлік, бензин және тұрғын үй бағаларын төмендету шараларын ұсынады
07 Қыркүйек 2021, 10:35
Үкімет инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін бекітті
07 Қыркүйек 2021, 10:22
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.