Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады — ҰЭМ

Бейсенбі, 02 Қыркүйек 2021, 09:32:38

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына арнаған жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев экономикалық реформаларды іске асыру жөніндегі негізгі шаралар туралы баяндама жасады.

Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

«Барлығы 70-ке жуық тапсырма берілді. 6 заң қабылдау қажет. Бұл – стресті активтерді экономикалық айналымға қайтару, жеке қосалқы шаруашылықтар, агломерацияларды дамыту, ғылымды дамыту және, кәсіби біліктілік туралы Заңдарға сондай-ақ Салық және Бюджет кодекстеріне өзгерістер енгізу. Үш тұжырымдама бекіту қажет. Бұл – мемлекет қаржысын басқару, көші-қон саясаты, сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамалары», — деді Ә. Ерғалиев.

Әрбір өңір үшін Инфрақұрылымдық даму бағдарламалары әзірленетін болады.

Мемлекет басшысы 5 жаңа бастаманы жариялады. 

Біріншіден, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайту.

Екіншіден, өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін реттелетін сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шеңберінде «ұтымды» шараларды әзірлеу.

Үшіншіден, Еңбекақы төлеу қорына жүктемені 2023 жылдан бастап 34%-дан 25%-ға дейін төмендетуді көздейтін микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу.

Төртіншіден, жекелеген азаматтық қызметкерлердің жалақысын 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 20%-ға арттыру.

Бесіншіден, зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банктің» есепшотына аударуға мүмкіндік беру.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін болады.

  1. Мемлекеттік қаржыны басқару;
  2. Инфляцияға қарсы әрекет ету;
  3. Кәсіпкерлікті дамыту;
  4. Өңірлердің теңгерімді дамуы.

Мемлекеттік қаржыны басқару

«Мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасы әзірленетін болады. Тұжырымдама бюджет саясатын, мемлекеттік және квазимемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтитын болады», — деді ұлттық экономика министрі.

Бюджет қаржысын басымдыққа сай жұмсауды қамтамасыз ету үшін «блоктық» бюджетті және жаңа бюджеттік қағидаларды, сондай-ақ бюджеттік лимиттерді бөлудің объективті әдістемесін енгізу көзделеді. Жан басына қарай қаржыландыру тетігін қолдану кеңейтілетін болады. 

Микро және шағын бизнес субъектілері үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілетін болады. Бұл осы төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорына түсетін жалпы жүктемені 2023 жылдан бастап 34%-дан 25%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені

Тұтыну тауарлары бағасының өсуін тежеу мақсатында инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленетін болады. Нарықты отандық өндірістің тұтыну тауарларымен толықтыруға бағытталған жедел және орта мерзімді шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ ақша-кредит саясаты мен қаржы нарығын реттеу шаралары көзделген.

Кәсіпкерлікті дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлікті тиімді дамыту мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасатын болады. Жалпы алғанда, қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңгені құрайды.

Креативті индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін «ұтымды» шаралар әзірленеді. Реттелетін сатып алу шеңберінде жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға басым қолжетімділік көзделетін болады.

Өңірлердің теңгерімді дамуы

Еліміздің әрбір өңірінің бәсекелестік артықшылықтарын айқындайтын шараларды қамтитын өңірлік дамудың жаңа тәсілдері әзірленеді.

Ол үшін «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң әзірленетін болады. Оның шеңберінде орталық қала мен шеткері аймақ арасында функцияларды нақты бөлу жолымен институционалдық дамыту көзделеді. Бюджет дербестігі кеңейтіліп, бірыңғай қала құрылысы агломерацияларын жоспарлау енгізіледі.

Аумақтық даму жоспарында «Адамдарды – инфрақұрылымға» жақындату қағидаты бекітілетін болады. Бұл қағидат болашағы бар ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесіне сай дамытуды көздейді.

«Бұдан басқа, бекітілген жалпыұлттық міндеттерге сәйкес Өңірлерді дамыту жоспарларын жаңарту көзделіп отыр. Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген әрбір тапсырмасын жан-жақты әрі жедел орындайтын болады», — деп түйіндеді Әсет Ерғалиев.

Жолдауды тиімді іске асыру үшін министрліктің жұмысы мынадай қағидаттарда жүргізіледі: бұл жобалық тәсілді қолдану, процестерде бюрократияны барынша азайту және нәтижеге ұмтылу.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2021, 09:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №130
25 Қыркүйек 2021, 13:01
А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2021, 18:16
Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды  
24 Қыркүйек 2021, 11:09
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №650 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 11:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі №647 Қаулысы
24 Қыркүйек 2021, 09:30
Е. Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді
23 Қыркүйек 2021, 19:26
Президент тапсырмаларын іске асыру аясында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жалғасуда — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 19:07
ЕТЖ артуының жалпы әсерін кемінде 3,5 млн қызметкер байқайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 18:50
Салықтар мен төлемдер бойынша нақты жүктеме 2023 жылдан бастап төмендетіледі — ҰЭМ
23 Қыркүйек 2021, 18:47
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
23 Қыркүйек 2021, 18:45
Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде енгізілген ақпараттық жүйе ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың 79 шарасын қамтиды — Е. Жамаубаев
23 Қыркүйек 2021, 17:43
2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14%-ға дейін қысқарады — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 17:28
ҚР Үкіметі 64 шарадан тұратын инфляцияға қарсы әрекет ету кешенін қабылдайды — Ә. Смайылов
23 Қыркүйек 2021, 15:49
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Аграрлық несие корпорациясына қосылды
23 Қыркүйек 2021, 12:52
А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
21 Қыркүйек 2021, 16:34
А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
21 Қыркүйек 2021, 12:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2021
21 Қыркүйек 2021, 12:07
2025 жылға қарай Екібастұз қаласында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бес есе өседі — Ә. Ерғалиев
21 Қыркүйек 2021, 11:11
ВАК отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешім қабылданды
21 Қыркүйек 2021, 10:42
Қазақстанда егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары — Е. Қарашөкеев
21 Қыркүйек 2021, 09:39
Үкімет Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті
21 Қыркүйек 2021, 09:28
Қазақстан ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және астық экспортының әлеуетін сақтайды — А. Мамин 
20 Қыркүйек 2021, 16:03
21 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2021, 14:57
А. Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
19 Қыркүйек 2021, 09:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №129
19 Қыркүйек 2021, 09:00
Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
17 Қыркүйек 2021, 19:22
Алматы облысы – еліміздің маңызды көлік-логистикалық хабы
17 Қыркүйек 2021, 17:04
А. Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары: АӨК, логистика, фармацевтика, туризм
17 Қыркүйек 2021, 13:15
Ілияс Оспанов ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды
17 Қыркүйек 2021, 11:54
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді
17 Қыркүйек 2021, 11:16
Туристер ағыны, таудағы қауіпсіздік және жаңа нысандар құрылысы — Алматы қаласының туристік саласын дамыту
16 Қыркүйек 2021, 17:01
 А. Мамин Алматы қаласының инфрақұрылымдық дамуын тексерді
15 Қыркүйек 2021, 17:39
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
15 Қыркүйек 2021, 16:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді
15 Қыркүйек 2021, 12:23
Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды
15 Қыркүйек 2021, 11:18
Ә. Смайылов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб отырысын өткізді
14 Қыркүйек 2021, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы
14 Қыркүйек 2021, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.09.2021
14 Қыркүйек 2021, 15:54
Энергия көздері қоймаларындағы көмір және мазут қоры бекітілген нормаларға сәйкес келеді — М. Мырзағалиев
14 Қыркүйек 2021, 12:19
Қазақстанда халықты вакциналаумен қамту 71,5% құрады — А. Цой
14 Қыркүйек 2021, 12:06
Қазақстанда 2021 жылдың 8 айында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады
14 Қыркүйек 2021, 11:14
БЖЗҚ зейнетақы активтері 2021 жылғы тамыз айының соңында 12,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 52 млрд теңгеге артты — Е. Досаев
14 Қыркүйек 2021, 10:19
Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды
14 Қыркүйек 2021, 09:53
Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті — А. Мамин 
14 Қыркүйек 2021, 09:30
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
13 Қыркүйек 2021, 19:33
Е. Тоғжанов әлеуметтік сала мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Қыркүйек 2021, 15:01
А. Мамин ГФР бизнес өкілдерімен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 14:54
14 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Қыркүйек 2021, 13:45
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды
13 Қыркүйек 2021, 10:54
Ерлан Қожағапанов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.