Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тарта отырып, еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда — А. Цой

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020, 12:08:40

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі қаралды.

Отырыста сөз сөйлеген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мүгедек адамдардың саны 705 500 адамды құрайтынын, оның ішінде 93 900-і балалар екенін атап өтті.

«Елімізде медициналық оңалту үшін 500-ден астам ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 37 ересек және 23 балаларды оңалту орталығы бар», — деп атап өтті А. Цой.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар басқалармен теңдей профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді, дәрі-дәрмектерді қамтитын ТМККК-мен қамтамасыз етілген.

2020 жылы қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды 567 жеткізуші көрсетеді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 8,9 есе көп. 2020 жылы жеткізушілермен 638 мың қызмет көрсетуге шарттар жасалды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 15 есе көп.

2020 жылы медициналық оңалтуды қажет ететін адамдар 60%-ға қамтамасыз етілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 7%-ға артық. 2021 жылы қажетті қызметтермен қамтамасыз ету санын 75%-ға дейін арттыру жоспарлануда, ал 2025 жылға қарай барлық мұқтаж азаматтарды оңалтумен толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру жоспарлануда.

2020 жылдың 10 айында амбулаториялық-емханалық көмек шеңберінде жалпы сомасы 11 млрд теңгеден астам 6,4 млн қызмет, стационарлық медициналық көмек аясында 90 млрд теңгеден астам сомаға 384 мың қызмет көрсетілді.

«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға шамамен 5,1 млрд теңгеге 21 737 рецепт берілді, оның ішінде балалар үшін 2,2 млрд теңгеге 6 859 рецепт, ересектер үшін 2,8 млрд теңгеге 14 878 рецепт», — деп атап өтті А. Цой.

Балалардың мүгедектігінің алдын алу үшін неонаталдық хирургияны, балалар кардиохирургиялық қызметін, онкогематологияны дамыту шаралары іске асырылуда. Есту қабілетін қалпына келтіру бойынша операциялар жасалады. Қант диабетінің асқынуын болдырмау үшін 2008 жылдан бастап жаңадан анықталған науқастар инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етіледі.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мүгедектерге медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру шаралары көзделген.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тарта отырып, еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда. Бұл Алматы, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, Қостанай, Маңғыстау, СҚО, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында», — деп атап өтті министр.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының балаларға арналған оңалту орталықтары желісін кеңейтудегі рөлін атап өту қажет. Осы жылдың соңына дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 8 балалар орталығы іске қосылады.

18 оңалту орталығының ашылуы 45 мыңнан астам баланы медициналық оңалтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Осылайша, министрлік мүгедек адамдарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда», — деп атап өтті А. Цой.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.