Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағандай, әлемде КВИ-дің 254 млн астам жағдайы, тәулігіне 340 мыңнан астам жағдайы тіркелген. 5 млн аса адам қайтыс болды. ДДҰ Еуропалық аймағының мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 36 елінде сырқаттанудың өсуі байқалады. Соңғы 14 күнде аурудың ең көп таралуы Венгрия, Австрия, Германия және Польшаға тиесілі.

Аурудың өсуі Евровоздың 14 елінде, оның ішінде Израильде 48%-ға, Молдовада 28%-ға, Қырғызстанда 23%-ға, Арменияда 22%-ға, Ұлыбританияда 18%-ға, Эстонияда 16%-ға және Беларусьте 3%-ға төмендеді.

«Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану деңгейі 23%-ға төмендеді. 222 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттану көрсеткіші бойынша 105-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 101-орында. Бүгінгі таңда «қызыл аймақта» 2 өңір (Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) қалып отыр. 5 өңір «сары аймақта» (Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы). Қазақстан Республикасы және қалған 10 өңір «жасыл аймақта» орналасқан. Репродуктивтілік саны – 0,96», — деді А. Цой.

Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттанушылық 3,8 есеге, ал өлім-жітім 2,4 есеге төмендеді. Республика бойынша биыл 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жүктелу деңгейі 56%-дан 30%-ға дейін, реанимациялық төсектер 45%-дан 27%-ға дейін төмендеді.

Ем алушылар санының азаюы бойынша оң динамика байқалады, соңғы үш айда науқастар саны 2,6 есеге азайды.

Сонымен қатар халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасып жатыр.

«1-компонентпен 8,5 млн астам адам егілді, тиісті ересек халықты қамту 75,1%-ды немесе жалпы халық санының 45,3%-ын құрады, 2-компонентпен 7,8 млн жуық адам егілді, тиісті халықтың 68,8%-ын немесе халық санының 41,5%-ын қамтыды», — деп хабарлады А. Цой.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жүргізілетін 207 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстан халықты КВИ-ға қарсы екі дозамен вакциналау бойынша 104-орында және халық санының 41,5%-дан астамы егілді.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан ғана халықты вакциналау көрсеткішінің 40%-дан астамын құрады.

«Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы кеkl3. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған. Вакциналау республиканың 7 өңірінде басталды, олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары. Бүгінгі таңда 1313 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел вакцина алды», — деп хабарлады денсаулық сақтау министрі.

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың тапсырмасына сәйкес, COVID-19 Comirnaty (Pfizer) вакцинасын коммерциялық нарықта халықтың қалауы бойынша ақылы негізде вакциналау үшін сату мүмкіндігі туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

Ауруды талдау жұмыстары КВИ бойынша жағдайы ауыр науқастар мен жалпы сырқаттанушылардың негізгі үлесі вакцина алмаған халыққа тиесілі екенін көрсетті.

Сонымен, вакцина алмаған науқастардың 1 ақпаннан бастап КВИ-мен ауырған науқастардың салыстырмалы салмағы шамамен 95%-ды құрайды, ал вакциналанған азаматтардың тек 5%-ы ауырды. Осыған ұқсас жағдай өкпені жасанды желдетуде жатұан науқастардың санымен де қалыптасып отыр, олардың 96%-ға жуығы екпе алмағандарға тиесілі. Ұсынылған мәліметтер вакциналау тиімділігін тағы бір рет айқын көрсетеді.

«Осы уақытқа дейін екпе алмаған азаматтарды дұрыс шешім қабылдауға шақырамын. Бұл өз денсаулығымызды ғана емес, жақындарымыз бен әріптестеріміздің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді А. Цой.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу