Қазақстанда соңғы екі аптада КВИ-мен сырқаттану 31%-ға төмендеді — А. Цой

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ ауруы және вакциналау бойынша соңғы деректер туралы баяндады.

Әлемде КВИ-дің 270 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5 млн астам адам қайтыс болды.

ДДҰ Еуропалық өңірінің деректері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 19 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Соңғы 14 күнде Францияда аурудың барынша өсуі байқалды, онда ауру 100%-дан астам, Португалияда 50%-дан астам, Швецияда 60%-дан астам, Италияда 50% шамасына өскен.

«Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 31%-ға төмендеді», — деді А. Цой.

Министрдің мәліметінше, әлемдік рейтингте 1 млн тұрғынға шаққанда 222 ел ішінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 110-орында, өлім-жітім бойынша 102-орында тұр. 

Республикада оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 980 372 жағдайы және теріс ПТР тестімен 83 437 жағдай тіркелді, науқастардың 96%-дан астамы сауығып шықты.

«Репродуктивті сан – 0,89 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады», — деп хабарлады А. Цой.

Жалпы Қазақстанда соңғы айда ауырған адам саны 3,1 есеге азайды, стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандардың саны 1,7 есеге азайды. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 23%-ды, реанимациялық төсектер 20%-ды құрайды.

Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасып жатыр.

«Бірінші компонентпен 8,8 млн астам адам егілді, егілуге тиісті ересек халықты қамту 78%-ды құрады, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 72,9%-ын қамти отырып. Екінші компонентті 8,3 млн астам адам алды», — деді А. Цой.

Бүгінгі таңда Comirnaty (Pfizer) вакцинаның бірінші компонентімен 188 906 адам қамтылды, оның ішінде 150 669 жасөспірім және 38 237 жүкті және бала емізетін әйел вакциналанды. Екінші компонентпен 19 386 адам егілді.

Вакцинация жалғасуда. Ревакцинациямен 136 мың ҚР азаматы қамтылды.

«Жалпы, КВИ ауруы бойынша оптимистік сценарий жүзеге асып жатыр», — деп түйіндеді А. Цой.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу