Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда вакцина алуы тиіс халықтың 55,4%-ы екпе алды – А. Цой

Сейсенбі, 03 Тамыз 2021, 12:11:41

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында COVID-19 ауруы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәселе қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап қызыл аймақта тұр.

Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер “қызыл” аймақта орналасқан.

Биылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың бос болмауы 56% (29 138 төсек-орын), реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 44% (2 102 төсек-орын) құрады.

Бұл ретте, министр атап өткендей, инфекциялық төсек-орындардың ең көп қамтылуы Нұр-Сұлтан (67%), Шымкент (77%) қалаларында, реанимациялық төсек-орындардың ең көп қамтылуы Ақмола (67%), Атырау (68%), Маңғыстау (80%) облыстарында (80%) және Нұр-Сұлтан қаласында (80%) байқалады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерді емдеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін Денсаулық сақтау министрлігі министрліктің жетекші қызметкерлері мен медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының еліміздің 10 өңіріне (Алматы қ. – 3; Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстары, Нұр-Сұлтан қ. – 2; Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкент қ. – 1) шығуын қамтамасыз етті. Облыстарда жағдайға егжей-тегжейлі талдау және бағалау жүргізілді, жағдайды тұрақтандыру үшін нақты ұсынымдар берілді.

«Тым қызыл» аймақтағы стационарларға жүктемені бағалау матрицасына сәйкес, қауіпті тәуекел аймағында 4 өңір бар: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары, оларда төсек-орындардың апталық қамтылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200 және одан жоғары», —  деді А. Цой.

2 тамыздан бастап өңірлерде іскерлік белсенділік теңгерімін және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып және «Ashyq» жобасын іске асыру шеңберінде шектеу шаралары енгізілді.

Халықты КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда

Бүгінгі таңда, министрдің айтуынша, вакцинаның шамамен 9,4 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1 компонентпен 5 480 094 адам егілді, бұл вакцина алуы тиіс халықтың 55,4%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 941 941 адам немесе тиіс халықтың 39,8% қамтылған.

«Министрлік 4 млн адамға 8 млн дозаны қосымша жеткізуге келісімшарт жасасты. Жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Осыған байланысты, республикада халықтың вакцина алуға қолжетімділігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі», — деді А. Цой.

Оның айтуынша, «Ashyq» жобасына кіру талаптарын жеңілдету жобаға қатысушылардың 3 есе өсуіне ықпал етті, мысалы, ағымдағы жылдың 27 шілдесінен бастап 2 тамызына дейін «Ashyq» жобасына қатысушылардың саны 21 900 адамнан 67 782 адамға дейін өсті.

«Ashyq» жобасы аясында мониторинг топтарымен «Ashyq» жобасына қатысушы 50 мың объект қамтылды. Бұзушылықтар 642 нысанда анықталды.

«Осы жылдың 10 шілдесінен бастаған кезеңде ЦДИАӨМ-нен алынған мәліметтер деректері бойынша 16 663 бұзушы анықталды, олардың 10 305-і "қызыл" және 6 358-і "сары" мәртебесі бар келушілер», — деді А. Цой.

Осылайша, 16 мыңнан астам нысанда халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыруының алдын алу мүмкін болды.

Министр бұдан әрі атап өткендей, ДДСҰ мәліметтері бойынша, ДДСҰ-ның алты аймағының бесеуінде инфекцияны жұқтыру 80%-ға өсті немесе соңғы төрт аптада екі есе өсті. Бұл өсудің көп бөлігі қазіргі уақытта 132 елде табылған жоғары трансмиссивті дельта штаммынан туындайды.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруды жұқтыру динамикасын зерделеп, дельта штамм алғаш рет елордада анықталғанын (а.ж. 20 маусымынан кейін) және сырқаттанушылықтың күрт өсуіне алып келгенін ескере отырып, соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі сырқаттанушылық көрсеткіштерінен аспай бір деңгейде тұрғанын байқап отырмыз», — деді А. Цой.

Соңғы аптада жедел медициналық жәрдемді шақыртулар саны 11%-ға азайды.

Министрдің айтуынша, тамыз-қыркүйек айларындағы эпидемиологиялық ахуалдың болжамы негізінде еліміз оптимистік сценарий бойынша жүріп жатыр, онда 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 250 мың адамды құрайды (орташа есеппен тәулігіне 7 мың жағдай).

«Оптимистік сценарийді одан әрі дамыту карантин шараларын сақтаған және тиісті тұрғындарды вакциналаумен қамтуды арттырған жағдайда ғана мүмкін болады», — деді А. Цой.

Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы өңір әкімі Серікбай Трұмов баяндады.

Оның айтуынша, облыста CОVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны бүгінгі күні 14 230 құрады,соңғы тәулікте 181 адам жұқтырған.

Бүгінгі күні өңір стационарларында 1190 адам, реанимацияда 107 адам ем алуда. Төсек-орындардың толымдылығы – 62%.

Науқастар санының өсуіне байланысты Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, Мұнайлы, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында 5 инфекциялық стационар ашылды.

«Өңірдегі жалпы төсек-орын қорының саны 1912 орынға жеткізіліп, реанимациялық төсек-орын саны 118-ге дейін артты. Дәрілік препараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қажетті қоры дайын», — деді С. Трұмов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қосымша мобильді бригадалар құрылып, олардың саны 120 бригадаға дейін ұлғайтылды. 

Вакциналау барысын бақылау және мониторинг жүргізу үшін жедел штаб құрылды. Вакциналау жұмыстары күшейтілді, соның нәтижесінде білім беру, спорт, қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері арасында вакцина алудың өсу қарқыны байқалды.

Ағымдағы жылдың маусым айымен салыстырғанда, есепті кезеңде вакцина алушылар саны 2,4 есеге өсті (маусым – 18 636 адам, шілдеде –  44 341 адам).

Сондай-ақ, халықты вакциналау үшін жылжымалы егу бригадаларының жұмысы және ауылдық жерлерде аулаларды аралау арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді.

Мониторинг топтарының жұмыстары да күшейтілді. 65 мониторинг тобы және полиция қызметкерлері жыл басынан бері барлығы 3969 рейдтік шара жүргізді. Нәтижесінде, 324 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, 82 хаттама толтырылды.

Соңғы демалыс күндері өңірдегі 256 нысанға рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 57 хаттама толтырылды.

Өңірде «Ashyq» мобильді қосымшасын 1311 объекті пайдалануда, оның ішінде 754 объекті ресми сайтқа тіркеліп, 557 объекті тестілік режимде қатысуда.

«Жедел шешуді талап ететін мәселелер күнделікті штаб отырысында қаралады. Осы бағыттағы бірлескен жұмыстар одан әрі жалғасатын болады», — деді С. Трұмов.

Шымкент қаласының әкімі Мұра Әйтенов дельта штамм пайдалы болғалы бері қалада эпидемиологиялық ахуал күрделі екенін айтты. Шілде айында қалада короновирус инфекциясын жұқтыру 7,5 есеге артқан. Маусым айында 1 489 жағдай тіркелсе, шілдеде 11 085 адамның ковид жұқтырғаны анықталды.

Шымкент қаласында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 19 528 науқас анықталды. Емделіп шыққан науқастардың саны – 11 848. Өкінішке қарай, 405 науқас қайтыс болды. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 575 жағдайы тіркелді. Өткен аптада Шымкент қаласына денсаулық сақтау министрі арнайы мамандармен келіп, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады, — деді қала әкімі.

Инфекциялық стационарлардың дайындығы бойынша Шымкент қаласында ковидтің ықтимал толқынына үш сценарий бойынша дайындық жүргізілген. Атап айтқанда: 

А – ағымдағы жағдай 1 290 төсек-орын. 

В – эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 4 016-кедейін артады.

С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 5 416 төсек-орын ашылады.

Бүгінгі таңда қалада B сценарийімен жұмыс жүріп жатыр. Қалада 3 190 төсек-орын жасақталды.

«Қазіргі таңда 2 359 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 74% құрайды, 831 төсек-орын бос. Апта соңына дейін кезекпен қосымша 980 орын ашып, төсек-орын санын 4 170-ке жеткізіп, С-сценарийне көшеміз. Жансақтау бөлімінде 487 төсек-орын бар, онда 381 азамат ем қабылдауда. Толымдылығы – 78%. Жалпы, үш сценарийге де қала дайын», — деді М. Әйтенов.

Қалада соңғы 4 күнде жедел медициналық шақырулар шақырулар саны 2 594-тен төмендегені байқалады. Атап айтқанда, соңғы тәулікте 2 453 шақырту келіп түсті. Қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 371 543 адам, 2-ші компонентпен 278 988 адам егілді, яғни бүгінгі күні тиісті контингенттің (536 000 адам) 68%-ы 1 компонентті, 51%-ы 2 компонентті алды.

Бастапқы медициналық көмек бойынша, 36 емханада 205 мобилді бригада жасақталған. Олар үй жағдайында ем қабылдап жатқан 4 916 науқас пен коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 11 658 адамға медициналық қызмет көрсетуде. Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар. 

Дәріханаларды қосып есептегенде, Шымкент қаласында бар дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 800 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдетіп шығуға жетеді. 

«Карантин режимін сақтау бойынша 2021 жылдың басынан мониторинг топтары 20 885 объектіде рейдтік іс-шара жүргізді, нәтижесінде 2 046 хаттама толтырылды және 130 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы іске енгізілді. Қазіргі таңда, 4 748 бизнес субьектісі жобаға қосылды, бизнес субьектілеріне келушілердің статусын анықтау барысында 139 “қызыл” және 229 “сары” статусы бар азамат анықталды», — деп нақтылады М. Әйтенов.

Сөз соңында Шымкент қаласының басшысы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі, бірақ әкімдіктің қатаң бақылауында екенін атап айтты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2021, 18:28
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанды қалай өзгертіп жатыр: заманауи автомагистральдар және жаңа бағыттардың ашылуы
26 Қазан 2021, 10:54
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.10.2021
26 Қазан 2021, 10:42
Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов
26 Қазан 2021, 10:32
ҚР-да соңғы екі айда КВИ-мен сырқаттанушылық 4,5 есеге, өлім-жітім 4,8 есеге төмендеді — А. Цой
26 Қазан 2021, 09:55
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1 млн-нан астам қазақстандық қамтылды
26 Қазан 2021, 09:43
А. Мамин мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды
25 Қазан 2021, 20:06
Е. Тоғжанов ғылымды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
25 Қазан 2021, 15:16
А. Мамин Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары М. Варгамен екі елдің ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады
25 Қазан 2021, 10:50
26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Қазан 2021, 09:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №134
23 Қазан 2021, 17:58
Ә. Смайылов қаржыгерлер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты
23 Қазан 2021, 12:31
Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандырудың маңызы зор — А. Мамин
23 Қазан 2021, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 қазандағы №736 Қаулысы
22 Қазан 2021, 18:31
А. Мамин ЕО елшілерімен экономиканың экологиялық тұрақты даму мәселелерін талқылады
22 Қазан 2021, 18:17
Р. Скляр жұмыс сапарымен Сеулге барды
22 Қазан 2021, 16:20
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
22 Қазан 2021, 15:44
Руслан Сәкеев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды 
22 Қазан 2021, 14:33
Үкіметте Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес өтті
22 Қазан 2021, 13:25
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» — А. Аймағамбетов ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы айтып берді
21 Қазан 2021, 17:22
Екі елдің вице-премьерлері Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жүк тасымалдау мәселелерін талқылады
21 Қазан 2021, 17:11
«Ұлттық рухани жаңғыру». Аида Балаева ұлттық жобаның негізгі бағыттары туралы баяндады
21 Қазан 2021, 16:02
А. Мамин Батыс өңірінің ірі автомагистралін реконструкциялау барысын тексерді 
20 Қазан 2021, 20:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
20 Қазан 2021, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
20 Қазан 2021, 10:46
Ержан Еркінбаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
19 Қазан 2021, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.10.2021
19 Қазан 2021, 11:23
Ә. Смайылов сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөнінде ВАК отырысын өткізді
19 Қазан 2021, 10:46
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 17%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
19 Қазан 2021, 10:30
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді — Ә. Ерғалиев
19 Қазан 2021, 09:39
А. Мамин ауыл аумақтарын дамытудың кешенді және бірыңғай тәсілін қамтамасыз етуді тапсырды
19 Қазан 2021, 09:24
8 млн астам қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды
18 Қазан 2021, 15:09
Еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық өнімді ұлғайту, ауыл тұрғындарының табысын өсіру — АӨК ұлттық жобасы қандай міндеттер қойып отыр
18 Қазан 2021, 14:31
19 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қазан 2021, 10:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №133
16 Қазан 2021, 12:21
А. Мамин бағаны тұрақтандыру бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды
15 Қазан 2021, 18:30
«Дені сау ұлт». Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық жобасы қандай бағыттарды іске асыруды қамтиды
15 Қазан 2021, 11:34
Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
14 Қазан 2021, 20:42
Е. Тоғжанов пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР Үкіметі мен БҰҰ ДБ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады
14 Қазан 2021, 18:06
А. Мамин ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының іске асырылуын тексерді
13 Қазан 2021, 20:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы №718 Қаулысы
13 Қазан 2021, 20:21
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — Е. Тоғжанов ВАК отырысын өткізді
13 Қазан 2021, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі №662 Қаулысы
13 Қазан 2021, 16:43
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №714 Қаулысы
12 Қазан 2021, 15:26
Үкіметте Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының мәселелері талқыланды
12 Қазан 2021, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.10.2021
12 Қазан 2021, 13:19
Мемлекеттік ведомстволар Қазақстанның ұлттық даму жобаларын ұсынды
12 Қазан 2021, 12:47
2021 жылдың 9 айында экономиканың барлық секторында оң өсу динамикасы сақталды — Ә. Ерғалиев
12 Қазан 2021, 10:27
Үкімет ұлттық даму жобаларын бекітті
12 Қазан 2021, 09:42
Қазақстан экономикасының қалпына келу қарқыны 9 айда 3,4%-ға дейін жеделдеді
11 Қазан 2021, 17:45
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.