Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді — С. Шәпкенов

Сейсенбі, 26 Қазан 2021, 10:42:44

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәкенов халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірде жұмысқа орналастыру және мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру ахуалы туралы хабарлады.

Еңбек министрі С. Шәпкеновтің айтуынша, биыл өткен жылмен салыстырғанда еңбек нарығының біртіндеп қалпына келуі жалғасуда, оның негізгі көрсеткіштері оң қарқын көрсетуде.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылғы 2 тоқсанда жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрады. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 73 мың адамға артты. Салалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың қатарында қызмет көрсету саласының үлесі басым. Жұмыс берушінің бастамасымен уақытша жұмыспен қамтылмағандар саны 12,3 есеге кеміді», — деді Серік Шәпкенов.

Министр жұмыссыздық деңгейі 4,9% көлемінде сақталғанын атап өтті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 3,7% құраған.

Биыл 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жоспарланған. Оның ішінде 700 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, 42 мың адам – Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы аясында және 440 мың жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған. Қазіргі уақытта осы 3 бағыт бойынша 1 млн-ға жуық адам қолдау шараларымен қамтылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылғы жылдың 9 айында 377 мың адам жұмыспен қамтылған болса, оның 70%-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, барлығы 65 мың адам оқытумен қамтамасыз етілді.

«Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша 29 мың адам шағын несие мен кайтарымсыз грантқа ие болып, оның 25 мыңнан астамы алғаш рет өз істерін ашты және қосымша 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құрды. 5,5 мың адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды. 2,3 мың жұмысқа қабілетті жастағы қоныс аударушылардың 78%-ы жұмыспен қамтылды. Бағдарламаға қатысушылардың 39%-ы – жастар, 50%-ы – әйелдер, 53%-ы – ауыл тұрғындарының қатарынан», — деді еңбек министрі.

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған Еңбек бағдарламасы 83%-ға орындалды. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында барлық көрсеткіштер толығымен орындалды. 

Бағдарламаның тағы да бір маңызды бағыттарының бірі – қысқа мерзімдік оқыту. Биылғы жылы 16,9 мың адам қысқа мерзімдік оқуға жолданса, 13,2 мың адам оқуды аяқтады. Олардың 81%-ы жұмыспен қамтылды.

Бұдан басқа, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында ағымдағы жылы электронды еңбек биржасында пилоттық түрде 5 мың жұмыссыз азаматты тегін онлайн оқумен қамтамасыз ету қарастырылған, оның 93%-ы оқытудан өтті. Азаматтарды онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін электронды еңбек биржасы базасында арнайы портал әзірленіп, 1 шілдеден бастап іске қосылды. Қазірдің өзінде порталда 135 курс авторы және 11 мыңға жуық пайдаланушы тіркелген. Курстарды аяқтағаннан кейін порталда арнайы тестілеуден өтіп, сертификат алу мүмкіндігі қарастырылған. 4 айдың ішінде 6,6 мың адам курстардан өтті, оның ішінде 4,8 мыңы –  жұмыссыз болып тіркелгендер.

«Біз жаңа қабылданған «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында портал арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн оқытуды дамытатын боламыз», — деді С. Шәпкенов. 

Кәсіпкерлікті қолдау аясында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес жастарға қарастырылған 10 мың гранттың 7,6 мыңы берілді. Микрокредит және грант алушылардың арасында 3,2 мың старт-ап бастамаға қолдау көрсетілді.

Жаңа қабылданған «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау құралдарын «бір терезе» қағидаты бойынша онлайн портал арқылы ұсыну көзделуде. Сонымен қатар, аудандардың экономикалық мамандануын анықтау үшін 163 бас жоспар әзірленіп, мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер осы бас жоспармен көзделген бағыттар бойынша ұсынылатын болады. Мемлекеттік гранттар ұсыну процесі толық автоматтандырылып, бизнес жоспардың тиімділігін бағалау жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік гранттарды тағайындау барысында адами факторларды жоюға, грант алуға өтінімдердің қаралу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ұлттық жоба шеңберінде 2025 жылға дейін 150 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жастар мен әлеуметтік осал топтарға 100 мың жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру сияқты шаралар көзделген.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру жалғасуда. Ведомствоаралық комиссияда барлығы 241 жоба бекітілген, оның 225 жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі таңда Жол картасы жобаларында 7,7 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл жоспардың 68%-ын құрайды. Жұмысқа тұрған азаматтардың 67%-ына міндетті зейнетақы жарналары түскен, қалған азаматтар толық бақылауда. Жол картасына бөлінген қаражаттың 51%-ы игерілген. 

Қызылорда облысында Жол картасы шеңберінде 9 жоба жоспарланған болатын. Конкурстық рәсімдердің кеш басталуына байланысты қазір  4 жобада ғана жұмыстар жүруде.

«Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер 13,8%-ға ғана игерілді. Алматы облысы бойынша Жол картасы жобаларында 2,4 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған болса, бүгінгі күнге 84 адам ғана жұмысқа орналасты», — деді министр.

Мемлекеттік бағдарламалар және жеке бастамалар шеңберінде 464 мың жұмыс орындары құрылды, оның  56%-ы – тұрақты жұмыс орындары. Бұл жұмыс орындарының көпшілігі «Нұрлы жер», «Аумақтарды дамыту» бағдарламалары және жеке бастамалар шеңберінде құрылуда. Орталық мемлекеттік органдардың ақпараты бойынша ұлттық жобалар шеңберінде 2025 жылға дейін 1 млн 750 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің қолжетімдігін арттыру мақсатында Цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын ендіру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жалғасуда. Биылдан бастап жұмыссыз ретінде тіркеу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беру қызметтері электронды еңбек биржасы арқылы толық автоматтандырылды.

Осы уақытта жұмыспен қамту орталығына жүгінген әрбір үшінші адам немесе 122 мың азамат онлайн қызмет алды. Портал арқылы 44 мың адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алса, 15 мыңнан астам адамға жұмысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлем электронды еңбек биржасы арқылы онлайн түрде тағайындалды.

2022 жылдан бастап «Бастау бизнес», мемлекеттік гранттар, микрокредиттер беру, жұмыс орнында және жұмыс берушінің тапсырысы бойынша оқыту процестерін автоматтандыру жоспарланып отыр. Осылайша, алдағы жылы жұмыспен қамту саласындағы барлық қолдау шаралары 100% автоматтандырылатын болады.

Сонымен қатар, пандемия, жаңа демографиялық ахуал еңбек нарығында жүйелі жұмысты талап ететін жаңа талаптар қоюда. Біріншіден, жұмыс күшіне қойылатын талаптардың тез өзгеруі. Сарапшылардың пікірінше алдағы 5 жылда жұмыс күшіне қажетті негізгі дағдылардың 40%-ы өзгереді, әрбір екінші қызметкерге қайта даярлаудан өту қажеттігі туындайды

Екіншіден, демографиялық қатерлер. Өнеркәсіп саласында кадрлардың қартаю процесі жүріп жатыр. Бұл салада жастардың тек 20%-ы жұмыспен қамтылған.

Үшіншіден, жұмыстың жаңа форматтары. Қазіргі уақытта «еркін табыс экономикасы» немесе гиг-экономика, фрилансерлер қарқынды дамуда. Олардың қызметін заңнамалық реттеу және еңбек құқықтарын қорғау шаралар қабылдау қажет.

Осы ретте, министрлік «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы, «Әлеуметтік кодекс» жобасы шеңберінде ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, жұмыс күшін кәсіптік оқудан өтуге ынталандыру бойынша бірқатар бастамалар қолға алынды.

Электронды еңбек биржасы негізінде онлайн оқу порталын дамыту, кәсіптік бағдарлау, икемді жұмыс формасындағы қызметкерлерді қолдау бойынша электронды сервистерді құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қарағанды облысында тұрақты жұмыс орындарына орналасу көрсеткіші жоғары. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету үшін «Еңбек» бағдарламасының, Жұмыспен қамту жол картасының және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың әлеуеті толық пайдаланылуда. Жалпы 70 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда.

«Еңбек» бағдарламасы аясында 31 мыңнан астам адам қамтылды, оның 20 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру электрондық еңбек биржасында тіркелген жұмыспен қамту органдарына берілген бос орындар бойынша жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда 5 мыңнан астам кәсіпорындар мен ұйымдар бос жұмыс орындары туралы ақпарат береді. Жыл басынан 27 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасының басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1686 адам міндетті түрде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар оқытудан өтеді. Олардың 990 адам оқуларын аяқтады. 1745 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Бизнесті дамыту мен кеңейтуге 922 грант және 588 шағын несие берілді.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 9 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. 277 жұмыс орны құрылды немесе 130%, оның ішінде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 115 адам немесе 108%. Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасының барлық бағыттары бойынша 1135 жұмыс орны құрылады, олардың 81%-дан астамы – тұрақты жұмыс орны.

Жұмыспен қамтудың жол картасының екіншісі және үшінші бағыттары іске асырылуда. Екінші бағыт бойынша 1,5 млрд теңгеге 222 өтінім қабылданды. Үшінші бағыт бойынша ВАК отырысында 1,3 млрд теңгеге 4 жоба мақұлданды.

Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында бүгінде 28 мыңнан астам жұмыс орны немесе 130% құрылды,  олардың 55%-ы – тұрақты жұмыс орны.

«Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қабылданған барлық шаралар 2021 жылы жұмыссыздықты 4,5% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда тұр», — деп түйіндеді Қарағанды облысының әкімі.

 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
11 Қараша 2021, 08:24
А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, фармацевтика, өңдеу өнеркәсібі және АӨК
10 Қараша 2021, 12:16
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.11.2021
10 Қараша 2021, 12:00
2021 жылдың 10 айында Қазақстан экономикасының нақты секторындағы өсім 2,9%-ды құрады — ҚР ҰЭМ
10 Қараша 2021, 11:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы №786 Қаулысы
10 Қараша 2021, 11:20
Қазақстанда соңғы екі айда коронавируспен сырқаттанушылық 3,4 есе азайды — ҚР ДСМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.